"Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ-нің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің нәтижесі бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

"Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ-нің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің нәтижесі бойынша

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

 

Ақтөбе қаласы                                                                      14 мамыр 2021 жыл

 

         Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңының 8-бабының 5-тармағын,  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 "Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығын басшылыққа ала отырып, "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің (одан әрі - Бөлім) 2021 жылғы 6-мамырдағы № 166/1 бұйрығына сәйкес, ағымдағы жылдың қаңтар-сәуір айларына Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер мен ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында, ішкі талдау жүргізілді.

  Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 4 қыркүйектегі № 4852 қаулысымен Бөлімнің Ережесі бекітілген. 

 1.Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

         1.1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы:

         2021 жылғы 1-мамырдағы жағдай бойынша, Бөлімде 27 штаттық бірлік бекітілген, оның ішінде нақтысы - 25 бірлік. Бөлім бойынша кадрлардың ауысуы - 1 бірлік, оның ішінде:

         - жоғары тұрған органға ауысқандыры - 0;

         - зейнеткерлік демалысқа шыққаны - 0;

         - өз еркімен жұмыстан шыққаны - 0;

         - негізі қызметкердің жұмысқа шығуына байланысты - 1;

         - мемлекеттік емес ұйымға ауысқаны - 0;

         - теріс себептермен шыққандары - 0;

         - басқа мемлекеттік органдарға ауысқандары - 0.

         Біліктілгін арттыру курсынан өткен қызметкерлер саны - 0, қайта даярлау курсынан өткен қызметкерлер саны -3.

         2021 жылдың 4 айында Бөлімнің 1 мемлекеттік қызметкеріне тәртіптік шара қолданылды, 2 техникалық жұмысшыларға - тәртіптік шара қолданылды.

         Жұмыспен қамту бөлімінде басшы - 1, басшының орынбасары - 2, сектор меңгерушісі - 5, бас маман - 17, жетекші маман - 0.

         Негізгі персоналдан тұратын келесі секторлар жұмыс жасайды:

         1) әкімшілік-құқықтық сектор;

         2) экономика және бухгалтерлік есеп секторы;

         Қосымша қызметкерлер құрамынан тұратын келесі секторлар жұмыс жасайды:

         1) ардагерлер және мүгедектермен жұмыс секторы;

         2) әлеуметтік көмек тағайындау секторы;

         3) әлеуметтік көмек төлеу секторы;

         4) жұмыспен қамту секторы.

         Бөлімге бағынысты 4 коммуналдық мемлекеттік мекеме жұмыс жаайды. Олар:

         1) "Халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ;

         2) "Әлеуметтік жәрдем орталығы" КММ;

         3)  "Ауыр тұрмыстық жағдайдағы тұлғаларды қайта леуметтендіруге арналған орталығы" КММ;

         4) "Мүгедектерге әлеуметтік жәрдем орталығы" КММ. 

           

         1.2. Мүдделер қақтығысын реттеу:

         Ішкі талдау нәтижесі көрсеткендей, Бөлімде мүдделер қақтығысы деректері орын алған жоқ.

         Ішкі талдау кезінде тәртіптік шараларды мерзімінен бұрын жиі алып тастау деректері орын алған жоқ. Төмендегі кестеде баяндалған.

        

Тегі, аты, әкесінің аты

Тәртіптік шара

Тәртіптік шараны мерзімінен бұрын алу

Жалпы күндердің саны

Избасарова Бакытжамал Кабдуллаевна

ескерту

-

-

        

         1.3. Мемлекеттік қызмет көрсету:

         Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 "Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрығымен халықты әлеуметтік қорғау саласында көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері бекітілген.  

         "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ арқылы мемлекеттік қызметтің 19 түрі көрсетіледі:  

         1) Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу;

         2) Жұмыс іздеп жүрген адамдар мен жұмыссыздарға жәрдемдесу;

         3) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау;

         4) Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау;

         5) Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру;

         6) Ақталған адамға куәлік беру;

         7) Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу;

         8) Мүгедектерді техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;

         9) Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу;

         10) Есту кемістігі бар мүгедектерді жылына алпыс сағат ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етуге мүгедектерге құжаттарды ресімде;

         11) Мүгедектерді жүріп-тұрудың арнайы құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;

         12) Мүгедектерді және мүгедек-балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;

         13) Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу;

         14) Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу;

         15) Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру;

         16) Жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама беру;

         17) Тұрғын үй көмегін тағайындау;

         18) "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға жолдама беру;

         19) Тұрғын үй сертификатын беру;

         Оның ішінде:

         5 қызмет (Жұмыс іздеп жүрген адамдар мен жұмыссыздарға жәрдемдесу, Жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама беру, Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, Жұмыссыздарды тіркеу, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама беру) "Халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ арқылы.  

         1 қызмет (Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу) "Әлеуметтік көмек орталығы" КММ арқылы.

         12 қызмет Бөлім арқылы және баламалы негізде Мемлекеттік корпороция арқылы көрсетіледі.

         1 қызмет (Ақталған адамға куәлік беру) тек ғана Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетіледі.

         13 қызмет баламалы түрде  "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы көрсетіледі.

         2021 жылдың 5 айында барлығы 17917 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілген. Оның ішінде:

         Бөлім арқылы - 9657 қызмет түрі (қағаз түрінде - 117, электрондық түрде - 9540);

         Мемлекеттік корпорация арқылы - 3302;

         «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы - 4958;

         ҚР Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңына (одан әрі - Заң) сәйкес, мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімділікті арттыру үшін пандустармен жабдықталған. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектелі жандарға сезімтал жолы бар.

         Бөлімде өзіне өзі қызмет көрсету бұрыныш ашып, қызметкерлер мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алуға тілек білдірген кез-келген тұтынушыға көмек көрсетеді.

         Сондай-ақ, онлайн қызметтерді алу тәртібін түсіндіру бойынша электрондық цифрлық қолтаңба көмегімен мемлекеттік өызметтерді кез-келген уаықтта компьютер, планшет, мобильді құрылғылар арқылы қалай алуға болатындығы түсіндірілетін Бөлімнің инстаграмм парақшасында бейне-роликтер жарияланған.

         Заңның талаптарына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Стандарттары мен Регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Бөлімде мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша Стенд жасақталған және әлеуметтік желілерде үнемі жарияланып отырады.

         Жеке және заңды тұлғалардан келіп тсүкен өтініштерді зерттеу нәтижелері бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасы туралы қызмет алушылардан шағымдар түспегендігі анықталды.

        

         1.4. Рұқсат беру функцияларын іске асыру

         "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ-нің Ережесіне сәйкес, Бөлім рұқсат беру функцияларымен айналыспайды.

 

         1.5. Бақылау функцияларын іске асыру

         "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ-нің Ережесіне сәйкес, Бөлім бақылау функцияларымен айналыспайды.

 

  1. Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

         2.1. "Тұрғын үй сертификаттарын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі.

         Тұрғын үй сертификаттарын беру қызметін ұсынушы маман төмендегі нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алады:

  1. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 бұйрығымен бекітілген Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидалары;
  2. "Тұрғын үй сертификаттарын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қағиданың №2 қосымшасы);
  3. Ақтөбе облыстық мәслихатының 2019 жылғы 2 тамыздағы № 455 шешімі.

         Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 бұйрығымен бекітілген Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларының 14-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес, тұрғын үй сертификатын алушы тікелей Әкімші (әкіммен анықталатын жұмыспен қамту және әлеуметтік қамтамасыз ету саласына жетекшілік ететін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелері) арқылы жүгінген жағдайда, жауапты қызметкер - 3 (үш) жұмыс күні ішінде қаржы қаражатының қажеттілігін есептеуді жүргізеді және өтініш берушіге Қағидаға сәйкес нысан бойынша түрін, сомасын көрсете отырып, тұрғын үй сертификатын беруді мақұлдау туралы қабылданған шешімді немесе мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген негіздер бойынша дәлелді бас тартуды жібереді.

         Жоғарыда аталған Қағиданың 14-тармағының 2)-тармақшасындағы бір ғана маманның 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түрін, сомасын көрсете отырып, тұрғын үй сертификатын беруді мақұлдау туралы немесе дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдауы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына әкеліп соқтыруы мүмкін.

         Ұсыныс №1:

         Қағиданың 14-тармағының 2)-тармақшасына өзгеріс енгізу қажет.

         2.2. "Тұрғын үй сертификаттарын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (№1 қосымша) 8-тармағында мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі көрсетілген.

         №1 қосымшаның 8-тармағы 2)-тармақшасында "өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің (зайыбының (жұбайының), кәмелетке толмаған балаларының) жеке басын куәландыратын құжат - түпнұсқасы тұлғаны сәйкестендіру үшін беріледі" деп көрсетілген, яғни көшірмесі алынбайды.  

         Ал, Қағиданың №3 қосымшасымен бекітілген "өтініштің" үлгісінде өтініш иесінің ЖСН және отбасы мүшелер туралы мәлімет көрсету қарастырылмаған.

         Қағиданың 13-тармағына сәйкес, өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің (зайыбының (жұбайының), кәмелетке толмаған балаларының) жеке басын куәландыратын құжаттардың мәліметтерін Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері немесе әкімші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

         Егер, өтініште қызмет алушының және оның отбасы мүшелерінің жеке деректері (ЖСН, отбасы мүшелерінің аты-жөні) көрсетілмесе және қызмет алушының жеке куәлігінің көшірмесі алынбаса, Әкімшінің жауапты маманы "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мәліметті қалай алады?

         Қажетті мәліметті алу мақсатында, Әкімші қызмет алушыдан жеке куәлігінің көшірмесін сұратады. Бұл Стандарттың талаптарын бұзу болып табылады.

         Ұсыныс №2:

         Талап етіліп, іске қосылатын құжаттардың қатарына - қызмет алушының жеке куәлігінің көшірмесін қосу қажет немесе өтініш үлгісіне өзгеріс енгізіп, қызмет алушының және оның отбасы мүшелері туралы мәліметті енгізу қажет.

         2.3. №1 қосымшаның 8-тармағы 4)-тармақшасында қажетті құжаттардың бірі - халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының санаттарын қоспағанда, жұмыс орнынан анықтама.

         Ал, Ақтөбе облыстық мәслихатының 2019 жылғы 2 тамыздағы № 455 шешіміне сәйкес, түрғын үй сертификатын бюджет саласының қызметкерлерінен басқа, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының санаттары бар. 

         Ал, қызмет көрсету барысында халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын тұлғалардан олардың "санатын" растайтын құжаттар талап етіледі. Бұл Стандарттың талаптарын бұзу болып табылады.

         Ұсыныс №3:

         Стандарттың №1 қосымшасының 8-тармағында көрсетілген құжаттардың тізіміне - халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын тұлғалардан олардың "санатын" растайтын құжат түрін қосу қажет.

         2.4. Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау.

         Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 "Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрығымен  Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілген.

         Отбасында өмірлік қиын жағдай туындаған азамат әлеуметтік көмекке жүгінген кезде, жоғарыда аталған Қағидаға сәйкес қызмет көрсетіледі.

         Қағиданың №2 қосымшасының 8-тармағында қажетті құжаттардың тізбесі және соңында "салыстырып тексеру үшін құжаттар түпнұсқаларда ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады" деп көрсетілген. Яғни, құжаттардың көшірмесі салыстырып тексеру үшін түпнұсқамен бірге беріледі деп көрсетілмеген. 

         Қағиданың 6-тармағына сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті алушыға:

      көрсетілетін қызметті берушіде немесе ауылдық округ әкімінде – тіркелген күні мен мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтініштің үзбелі талоны беріледі.

         Қызмет көрсетуші маман Қағиданың талаптарын ұстанатын болса (№2 қосымшаның 8-тармағы) құжаттардың көшірмесін алмай, тек түпнсұқа құжаттарды көріп, олардың бар екендігіне көз жеткізген соң, қайтарып беруге тиіс.

         Ал, Қағиданың 6-тармағында құжаттардың қабылданғандығы туралы үзбелі талон беретіндігі айтылған.

         Бір Қағиданың екі тармағы (6-тармақ және № 2 қосымшаның 8-тармағы) бір-біріне қарама-қайшылық туғызып тұрғаны белгілі.

         Ұсыныс №4:

         Қағиданың 6-тармағы мен №2 қосымшасының 8-тармағының талаптарын сәйкестендіру қажет.

         2.5. Сонымен қатар, талап етілетін құжаттың бір түрі - адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер. Бірақ, отбасы мүшелерінің өтініш иесіне туысқандық байланысын растайтын құжат түрі көрсетілмеген.

         Өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматқа әлеуметтік көмек көрсету кезінде оның және отбасының кірісі есептеліп, белгіленген сомадан аспаса ғана көрсетіледі. Сондықтан, қызмет көрсетуші маманға Қағидада талап етілмеген құжат түрін сұратуға тура келеді.

         Ұсыныс №5:

         Қағиданың №2 қосымшасының 8-тармағына қажетті құжат - өтініш иесі мен оның отбасы мүшелерінің туысқандық байланысын растайтын құжат түрін енгізу қажет.   

Дата публикации
28 июня 2021