«Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ-нің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қызметін жүргізу бойынша аналитикалық анықтама

«Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ-нің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қызметін жүргізу бойынша аналитикалық анықтама

 

 Ақтөбе қаласы                                                                                              12 мамыр 2021 жыл 

«Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ-сі басшысының 04.05.2021 жылғы №16 бұйрығы негізінде 06.11.2020-12.05.2021 аралығында «Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ «ары қарай - Бөлім» қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 04.05.2021 жылғы №16 бұйрығының 1 -қосымшасына сәйкес арнайы жұмыс тбымен жүрігізілді.

Б.М.Мусаев - «Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ-нің туризм секторының меңгерушісі, арнайы жұмыс тобының басшысы;

К.К.Ельтезеров - «Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ-нің бас маманы, арнайы жұмыс тобының хатшысы;

Д.У.Мұхамбетова - «Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ-нің спорт секторының меңгерушісі;

Ж.Н.Сенгирбаева - «Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ-нің бас маманы;

Б.М.Джайгужин - «Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ-нің бас маманы.

Бөлім қызметіне жүргізілген ішкі талдау кезінде келесідегідей нормативтік құқықтық актілер қамтитыны анықталды:

  1. ҚР «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V Заңы;
  2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 29 шілдедегі №300 бұйрығы;
  3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі 2020 жылғы 20 сәуірдегі №97 бұйрығы;
  4. Ақтөбе облысы әкімінің 2015 жылғы 22 шілдедегі Қаулысы;
  5. ҚР 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV Бюджеттік Кодексі (12.2016ж дейінгі өзгерістер мен толықтыруларды қосқанда);
  6. ҚР 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V; «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы (27.02.2017ж дейінгі өзгерістер мен толықтыруларды қосқанда);
  7. «Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің м.а. 2011 жылғы 2 тамыздағы № 390 бұйрығы;
  8. «Бюджеттің атқарылуы және озған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы №540 бұйрығы;

Бөлімнің Ережесінде көрсетілген міндеттері мен тапсырмалары бөлімнің қызметін қамтитын нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес келеді.

Бөлім Ережесі Ақтөбе қаласы әкімдігінің 24.12.2020 жылғы №5062 Қаулысына сәйкес өзгерістер енгізілген. Қаулыға сәйкес бұрын бөлімге қарасты балалар-жасөспірімдер спорт мектептері Ақтөбе облысының коммуналдық меншігіне берілген.

Қазіргі таңда бөлім Ережесіне өзгерістер енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бөлімнің шаттық саны – 9, оның ішінде:

Басшы – 1 бірлік;

Сектор меңгерушісі – 2 бірлік;

Бас маман – 5 бірлік, оның ішінде – 1 бос орын;

Штаттан тыс қызметкер – 1 бірлік.  

Бөлімде арнайы кадр қызметі штаты қарастырылмаған. Кадр қызметінің жұмысы бас маманға жүктелген. Бөлім қызметкерлерінің жеке мүдделері мен олардың лауазымдық өкілеттіктері арасында қайшылық анықталған жоқ.

 Қызметкерлердің жеке-іс парақтарын тексеру кезінде бір-біріне тікелей туысқандық қатынастары жоқ екені анықталды.

Бөлім өз құзыреті шегінде екі мемлекеттік қызмет көрсетеді, соның ішінде:

  1. «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы,3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтар және біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы» беру;
  2. Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру.

Мемлекеттік қызмет көрсету барысында әкімшілік дискрециялық кедергілер, нормативтік құқықтық актілермен салалық заңдар арасында қарама-қайшылық белгілері анықталған жоқ. Бекітілген стандарттарға сәйкес нақты мемлекеттік қызмет көрсету барысы сәйкес келеді. Алдын-ала көрсетілмеген құжаттар талап ету, қызмет көрсетуші мен қызмет алушының тікелей байланысы анықталған жоқ. Бөлімде аталған мемлекеттік қызмет көрсетуден басқа қызмет белгілері жоқ.

«Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ-сі қызмет барысында қандай да бір рұқсат құжаттарын бермейді.

Бөлімде мемлекеттік сатып алу бойынша 2020 жылдың қараша айынан 2021 жылдың 13 мамырына дейін 13 (он үш) мемлекеттік сатып алу келісім-шарты жасалған. Соның ішінде: 1 – өткізілмеген конкурс арқылы, 2- ашық конкурс тәсілі, және 10 – баға ұсынымы тәсілі арқылы жүзеге асқан.

«Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ-сі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы бақылау жұмысы жақсы көрсеткіш көрсетті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткізілген іс-шаралар бөлімнің әлеуметтік желілердегі парақшаларында және қала әкімдігі сайтында жарияланып тұрады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде, соның ішінде 2020 жылдың қараша айынан бастап 2021 жылдың 12 мамырына дейін 1 (бір) арыз-шағым қаралған. Аталған арыз-шағым мазмұны қаладағы спорт инфрақұрылымдарына, яғни спорт алаңдарын немесе спорт мектептерін ашу бойынша түскен.

«Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ-нің қызметіне, соның ішінде 2020 жылдың қараша айынан бастап мемлекеттік мекеме қызметінде қозғайтын нормативтік құқықтық актілер және құқықтық актілерден сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, мемлекеттік мекемедегі ұйымдастырушылық – басқарушылық қызметінен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыттары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу уақытында мекеменің жұмысын қамтитын нормативтік құқықтық актілерінде және ұйымдастырушылық – басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

Мекеме қала әкімінің 10.10.2018 жылғы №6251 Қаулысымен бекітілген 2015-2025 жылдарға арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы –іс-қимыл» Жоспары бойынша жұмыстар жүргізуде.  

Аналитикалық анықтама арнайы жұмыс тобының құрамымен келісілді:

 

 

Б.М.Мусаев

«Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ-нің туризді дамыту секторының меңгерушісі, арнайы жұмыс тобының басшысы

К.К.Ельтезеров

«Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ-нің бас маманы, арнайы жұмыс тобының хатшысы

Арнайы жұмыс тобының құрамы:

Д.У.Мухамбетова

«Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ-нің сектор меңгерушісі

Б.М.Джайгужин

«Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ-нің бас маманы

Ж.Н.Сенгирбаева

«Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ-нің бас маманы

 

 

    

Дата публикации
24 июня 2021