«Ақтөбе қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» Ақтөбе қаласы әкімдігінің қаулысы жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Ақтөбе қаласы әкімдігінің қаулы жобасы «Ақтөбе қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы » Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 8, 27-баптарына  және «Iшкi сауда қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң мiндетiн атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына сәйкес әзірленді.

         Нормативтік   құқықтық актісінің   жобасы 2021 жылдың 19 мамырында «e–gov» ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталында көпшілік талқылау үшін орналастырылды (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=8835558) және 2021 жылдың 15 мамырында облыстық «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланды.

Ақтөбе қаласы Қоғамдық кеңесінің ұсынымдары 2021 жылдың 31 мамырдағы №01-1/30 хатымен ұсынылды.

Дата публикации
01 июня 2021