Ақтөбе қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына тұрақты қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жолақы жеңілдігін беру туралы

Жоба

 Ақтөбе қаласының мұқтаж азаматтарының

жекелеген санаттарына тұрақты қалалық қоғамдық көлікте

(таксиден басқа) жолақы жеңілдігін беру туралы

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6, 7-баптарына, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» Заңының            13-бабына, Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» Заңының 15-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Заңының 11-бабына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ақтөбе қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына меншіктің барлық түріндегі тұрақты қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) тасымалдаушы есебінен тегін жол жүру мүмкіндігі берілсін:

      1) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына;

      2) Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне;

     3) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдарға;   

    4) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдарға;

    5) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне; 

    6) «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған адамдарға;

   7) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі - КСР Одағы) ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға;

  8) 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға;

   9) мүгедектiгi бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алушыларға:

         І топ мүгедектері;

         көзі нашар көретін ІІ топ мүгедектері.   

  1. Ақтөбе қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына меншіктің барлық түріндегі тұрақты қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жүру ақысының 50% мөлшерінде жеңілдетілген жол жүру мүмкіндігі берілсін:

         1) мүгедектiгi бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алушыларға:

         ІІ топ мүгедектері;

         ІІІ топ мүгедектері;

         он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар;

         он алтыдан он сегіз жасқа дейiнгi І, ІІ, ІІІ топтағы мүгедек балалар.

         2) жасына байланысты зейнеткерлерге.

  1. «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы (А.Уристемова) тиісті қаржы жылында қалалық бюджетте қарастырылған қаражаттар шегінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
  2. «Ақтөбе қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы (Ж.Кусмухамбетов) жеңілдікпен жол жүру карталарын дайындауды қамтамасыз етсін.
  3. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалы» азаматтардың тізімін дайындасын және оны «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне ұсынсын.
  4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтөбе қалалық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму және жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасына (А.Калжанов) жүктелсін.
  5. 7. «Ақтөбе қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

         1) осы шешімді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

         2) осы шешімді, оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе қалалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.   

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

  

Ақтөбе қалалық                                                       Ақтөбе қалалық

мәслихатының сессия төрағасы                          мәслихатының хатшысы

                                                                                         А.Даржанова

Дата публикации
01 июня 2021