Ақтөбе қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын
тарифін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлiгi туралы» Заңының 19-бабына сәйкес, Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Интернет желісі және ұялы байланыс құрылғыларын қоса алғанда, электрондық төлеу жүйесі арқылы жол ақысын қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде – 80 (сексен) теңге, жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеу кезінде – 150 (жүз елу) теңге.
2. «Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Ақтөбе қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Ақтөбе қаласының әкімі |
|
А. Шахаров |