2022-2024 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімінің бюджет жобасы budget.egov.kz интернет порталында жарияланған. Жарияланған уақыты 19.05.2021ж, талқылау мерзімі 27.05.2021жылға дейін.
Бұл жобада 459001000 - «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономикалық саясатын қалыптастыру мен дамыту, мемлекеттік жоспарлау, бюджетті атқару және коммуналдық меншігін басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша 2022 жылға -100542,0 мың теңге, 2023 жылға – 103317,0 мың теңге, 2024 жылға – 103963,0 мың теңге көлемінде;
459003000 - «Салық салу мақсатында мүлікті бағалауды жүргізу» бағдарламасы бойынша 2022 жылға – 17900,0 мың теңге, 2023 жылға – 18500,0 мың теңге, 2024 жылға – 18500,0 мың теңге көлемінде;
459005000 - «Жергілікті атқарушы органның жоғары тұрған бюджет алдындағы борышын өтеу» бағдарламасы бойынша 2022 жылға – 9886773,0 мың теңге, 2023 жылға – 3610073,0 мың теңге, 2024 жылға – 3175516,0 мың теңге көлемінде;
459007000 - «Бюджеттік алып қоюлар» бағдарламасы бойынша 2022 жылға – 4415000,0 мың теңге, 2023 жылға – 6942000,0 мың теңге, 2024 жылға – 6942000,0 мың теңге көлемінде;
459010000 - «Жекешелендіру, коммуналдық меншікті басқару, жекешелендіруден кейінгі қызмет және осыған байланысты дауларды реттеу» бағдарламасы бойынша 2022 жылға – 2405,0 мың теңге, 2023 жылға –2549,0 мың теңге, 2024 жылға – 2549,0 мың теңге көлемінде;
459012000 - «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының резерві» бағдарламасы бойынша 2022 жылға – 1047262,0 мың теңге, 2023 жылға –1089173,0 мың теңге, 2024 жылға – 1089173,0 мың теңге көлемінде;
459021000 - «Жергілікті атқарушы органдардың облыстық бюджеттен қарыздар бойынша сыйақылар мен өзге де төлемдерді төлеу бойынша борышына қызмет көрсету» бағдарламасы бойынша 2022 жылға – 1227144,0 мың теңге, 2023 жылға –1197395,0 мың теңге, 2024 жылға – 1197395,0 мың теңге көлемінде;
459024000 - «Мемлекеттік органдардың функцияларын мемлекеттік басқарудың төмен тұрған деңгейінен жоғары тұрған деңгейіне беруге байланысты жоғары тұрған бюджеттерге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бағдарламасы бойынша 2022 жылға – 21732041,0 мың теңге, 2023 жылға –21594451,0 мың теңге, 2024 жылға – 21594451,0 мың теңге көлемінде;
459061000 - «Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия мәселелері бойынша құжаттаманы сараптау және бағалау» бағдарламасы бойынша 2022 жылға – 10000,0 мың теңге, 2023 жылға –10000,0 мың теңге, 2024 жылға – 10000,0 мың теңге көлемінде бекітілмекші.