Ақтөбе қаласында стационарлық емес сауда
объектілерін орналастыру орындарын
айқындау және бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 8, 27 - баптарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң мiндетiн атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 «Iшкi сауда қағидаларын бекiту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақтөбе қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.
- «Ақтөбе қаласында стационарлық емес сауда объектілері үшін орындарын айқындау және бекіту туралы» Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 19 қазандағы № 3930 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7555 болып тіркелген, 2020 жылғы 26 қазанда электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
- «Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген тәртіппен:
- осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
- осы қаулыны, оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болады.
Қала әкімі А. Шахаров