«Ақтөбе қалалық мәдениет жәнетілдерді дамыту бөлімі» ММ
«Геолог мәдениет Үйі» мемлекеттіккоммуналдық қазыналық кәсіпорнында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы аналитикалық анықтама
Ақтөбе қаласы 04 мамыр 2021 жыл
Талдау «Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің 2021 жылғы 9 сәуірдегі № 21-Ө бұйрығы негізінде жүргізілді.
«Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Геолог мәдениет Үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны(бұдан әрі - Кәсіпорын) жедел нысандағы заңды тұлға болып табылады.
Кәсіпорын Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 153 қаулысы негізінде құрылды.
Кәсіпорынның құрылтайшысы Ақтөбе қаласының әкімдігі болып табылады.
Кәсіпорынның тиісті саласын басқаруды жүзеге асыратын уәкілетті орган «Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі(бұдан әрі – тиісті саланың уәкілетті органы) болып табылады.
Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган «Ақтөбе қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган) болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішікі талдау келесідей бағыттар бойынша жүргізілді:
1) Мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілері және құқықтық актілерінен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
1.Мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілері және құқықтық актілерінен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:
Талдау барысында жарғы және келесідей нормативтік-құқықтық актілер оқылып зерттелді:
Кәсіпорын қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді талдау негізінде қайшылықтар, олқылықтар, дискрециялық нормалар анықталған жоқ.
Зерттеу кезеңінде Кәсіпорынның ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде келесі қызмет бағыттары қарастырылды.
Кәсіпорынның штаттық саны 31,5 бірлікті құрайды. Қызметкерлердің нақты саны 2021 жылдың 1 мамырына 27 бірлікті құрайды, бос жұмыс орны - 0.
2020 жылғы 30 қазаннан бастап 2021 жылғы 1 мамырға дейінгі есепті кезеңде жұмыстан босатылған жұмысшылар саны 7 (7 бірлік) құрады, жұмысқа қабылданған жұмысшылар саны 8 (8 бірлік) құрады. Жұмыстан босатудың себебі - олардың өз қалауымен. Теріс себептермен ешкім жұмыстан шығарылған жоқ.
Қызметкерлерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту мүлдем жоқ, сонымен қатар Кәсіпорын қызметкерлерімен қылмыстық және әкімшілік сипаттағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны анықталған жоқ.
Қақтығыс болуы фактісі анықталған жоқ.
3) Мемлекеттік қызметтерді ұсыну.
Кәсіпорын мемлекеттік қызмет көрсетпейді.
4) Лицензиялау функцияларды жүзеге асыру.
Кәсіпорында лицензиялау функцияларын жүзеге асырмайды.
5) Бақылау функцияларын жүзеге асыру.
Кәсіпорында бақылау функцияларымен айналыспайды.
«Геолог мәдениет Үйі» МКҚК қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ .