Ақтөбе қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Ақтөбе қаласында стационарлық емес сауда

объектілерін орналастыру орындарын

  айқындау және бекіту туралы

                                                                                                               

                 Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 8, 27-баптарына,  Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң мiндетiн атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 «Iшкi сауда қағидаларын бекiту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11148 болып тіркелген) сәйкес, Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:      

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақтөбе қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.
  2. «Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген тәртіппен:
    • осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
    • осы қаулыны, оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3.Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4.Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болады.

                                                                                   

Ақтөбе қаласының әкімі

 

А. Шахаров

Дата публикации
13 ноября 2020