Ақтөбе қалалық мәслихатының 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 617 «2021-2023 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе қалалық мәслихатының 2020 жылғы 22 желтоқсандағы

№ 617 «2021-2023 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджетін

бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

  Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 106, 109-баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  • Ақтөбе қалалық мәслихатының 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 617 «2021-2023 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджетін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7855 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1-тармақта:

1) тармақшадағы:

кірістер: «65 197 331,7» сандары «67 781 623,5» сандарымен ауыстырылсын, оның ішінде:

трансферттер түсімі: «20 956 881,0» сандары «23 541 172,8» сандарымен ауыстырылсын;

2) тармақшадағы:

шығындар: «67 106 078,3» сандары «69 690 370,1» сандарымен ауыстырылсын.

  1. Көрсетілген шешімнің 1, 4, 5 қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
  2. «Ақтөбе қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы шешімді, оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе қалалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Ақтөбе қалалық мәслихатының сессия төрағасы

 

 

Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы

         

А. Даржанова

Дата публикации
29 апреля 2021