«Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» ММ жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша талдамалық анықтама
Ақтөбе қаласы
«Алматы» ауданы 3 қараша 2020 жыл
2020 жылғы 3 қарашадағы №147 «Ақтөбе қаласының «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Бөлімдегі ішкі талдау 2020 жылдың 5 маусымынан – 3 қарашаға дейін жұмыс кезеңін қамтиды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №2 бұйрығымен бекітілген ережелеріне сай келесі бағыттар бойынша ішкі талдау жүргізілді.
Бөлімнің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылды:
Бөлім өз қызметінде:
1) Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы:
«Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» ММ штат саны – 27 бірлік.
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ заңының 14-бабына сәйкес бөлім қызметкерлерінің арасында жақын туыстық қатынастары анықталған жоқ.
Аудан әкімінің № 96 өкімімен 2020 жылдың 5 маусымынан бастап Алжанов Алтынбек Тыныштыкбаевич Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімінің орынбасары лауазымынан басқа мемлекеттік лауазымға орналасуына байланысты қызметінен босатылды.
Аудан әкімінің № 97 өкімімен 2020 жылғы 5 маусымынан бастап Саркулов Алмас Урдабаевич Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімі аппараты басшысының (негізгі қызметкердің оқу демалысы кезіне) міндетін атқарушы болып қабылданды.
Аудан әкімінің № 105 өкімімен 2020 жылғы 23 маусымынан бастап Биримжарова Жанара Ербулатовна «Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімі аппараты» ММ кәсіпкелікті дамыту және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезіне) міндетін атқарушы болып қабылданды.
Аудан әкімінің № 118 өкімімен 2020 жылғы 14 шілдесінен бастап Өтешов Рүстем Баймұрзаұлы Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
Аудан әкімінің № 128 өкімімен 2020 жылғы 27 шілдеден бастап Альбетов Жанторе Жанбергенович «Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімі аппараты» ММ кәсіпкелікті дамыту және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезіне) міндетін атқарушы болып қабылданды.
Аудан әкімінің № 150 өкімімен 2020 жылғы 21 тамыздан бастап Мулькаев Бахитжан Илимжанович «Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімі аппараты» ММ ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы (негізгі қызметкердің жұмыстан босатылуына байланысты) лауазымына тағайындалды.
Аудан әкімінің № 190 өкімімен 2020 жылғы 2 қарашадан бастап Утегенова Индира Маликовна «Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімі аппараты» ММ әлеуметтік жұмыс бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезіне) міндетін атқарушы болып қабылданды.
2) Мүдделер қақтығысын реттеу
Бөлімде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл туралы 2015 жылғы 18 қарашадағы №410 –V ҚРЗ заңының 15-бабына сәйкес мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.
3) «Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызмет көрсету және рұқсат беру функцияларын атқармайды.
4) Бұқаралық ақпарат құралдарында теріс жариялымдар жоқ.
5) «Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» ММ келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері:
179 жеке тұлғалардан;
7 заңды тұлғалардан;
Әкімнің жеке қабылдауында 72 азамат қабылданды.
6) Прокурорлық қадағалау актілері мен сот актілері нәтижесі:
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35, 37 баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану Қағидаларына және Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы прокуратурасының 2020 жылғы 25 маусымдағы №2-03-20-03287 заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыну хатына сәйкес, қызметтік міндеттерін тиісті түрде атқармағаны үшін «Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімі аппараты» ММ жұмыспен қамту бөлімінің бас маманы Байзакова Сайраш Амангелдыкызына ескерту берілді.
Қорытынды
«Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерінде, ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер жоқ.