"Ақтөбе қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" ММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша Аналитикалық анықтама

"Ақтөбе қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" ММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша

Аналитикалық анықтама

 Ақтөбе қаласы                                                                                           21.09.2020 жыл

Ақтөбе қаласының АХАТ бөлімі басшысының 21.09.2020 жылғы № 01-1-23/94б-1 жұмыс тобының бұйрығы негізінде жұмыс тобының жетекшісі В.Т.Мамбетова, жұмыс тобының мүшелері М.Е.Игисенова, А.С.Тыныштықова, М.Н.Ихсанова, Г.А.Кулданова, С.Ж.Ермаганбетова, Е.П.Фейш, А.Нажматдин «Мемлекеттік органның қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

2020 жылдың 2-ші жартыжылдығы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаумен қамтылған кезең.

АХАТ бөлімінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер. 

  1. Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексі (19.07.2020 ж. берілген өзгерістер мен толықтырулармен);
  2. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (Жалпы бөлім);
  3. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (Ерекше бөлім);
  4. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының Кодексі;
  5. Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы Қазақстан Республикасының 29.01.2013 жылғы № 73-V Заңы;
  6. Ақпараттандыру туралы Қазақстан Республикасының 24.11.2015 жылғы № 418-V Заңы;
  7. Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 25.08.2014 жылғы Жарлығы;
  8. Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 02.04.1996 жылғы № 2923 Жарлығы;
  9. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 25.02.2015 жылғы № 112 "Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер енгізуді, қалпына келтіруді, жоюды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығы (28.05.2020 жылғы № 64 бекітілген өзгерістермен);
  10. Азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы Ақтөбе облысы әкімдігінің 11.06.2018 жылғы № 251 қаулысы;
  11. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 12.01.2007 жылғы Заңы;
  12. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 11.07.1997 жылғы Қазақстан Республикасының Заңы;
  13. «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу актісі кітаптарының нысандарын және осы кітаптардағы жазбалардың негізінде берілетін куәліктердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 9 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 28 сәуірдегі № 21 бұйрығы;
  14. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 15.04.2013 жылғы Заңы».

АХАТ бөлімі Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 25.02.2015 жылғы № 112 "Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер енгізуді, қалпына келтіруді, жоюды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес (28.05.2020 жылғы № 64 бекітілген өзгерістермен) 8 мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлерін көрсетеді:

  • Тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілеріне өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі;
  • «Неке (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілеріне өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі;
  • «Неке (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілеріне өзгертулер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі
  • «Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілеріне өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі;
  • «Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілеріне өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі;
  • «Қайталама куәліктер беру және  азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі;
  • «Азаматтық хал актілерін қалпына келтіру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі;
  • "Азаматтық хал актілері жазбаларын жою" мемлекеттік көрсетілетін қызметі.

08.12.2019 жылы Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Кодексіне ЖАО және ведомстволық бағынысты ұйымдар көрсететін 31.01.2020 жылғы № 39/НҚ Мемлекеттік қызметтер тізіліміне өзгерістер енгізілгеннен кейін екі мемлекеттік қызмет алынып тасталынды:

- «Әке болуды анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, түзетулер мен толықтырулар енгізу»;

- «Бала/қыз асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, түзетулер мен толықтырулар енгізу».

АХАТ бөлімінде бар тәжірибені талқылай отырып, жүргізілген ішкі талдау қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу қажет деп санаймыз, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу бөлігінде төменде келтірілген сыбайлас жемқорлық тәуекелінің байқалуы мүмкін.

  1. «Тууды тіркеу, оның ішінде әке (ана) болуды анықтауға, бала/қыз асырап алуға байланысты тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізу» мемлекеттік қызметін көрсету кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері.

ҚР «Ерлі – зайыптылық және отбасы туралы» Кодексінің 97-бабының 3-тармағы – «Баланы некеде тұрмайтын (ерлі-зайыпты болмаған) адам асырап алған кезде, оның өтiнiшi бойынша асырап алынған баланың әкесiнiң (анасының) аты, әкесiнiң аты және тегi бала асырап алушының көрсетуі бойынша тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына жазылады. Бала асырап алушының тілегі бойынша әкесі (анасы) туралы мәліметтер көрсетілмеуі мүмкін.

      Бала асырап алушының өтініші бойынша әкесінің (анасының) көрсетілген тегі бала асырап алушының тегі бойынша беріледі».

Ал, жоғарыда аталаған Заңның 192-бабы 4-трмағының 2-тармақшасына сәйкес – «Егер әкесі анықталмаса, некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) анасының өтініші бойынша енгізіледі. Тууды жазу кiтабында баланың әкесiнің тегі - анасының тегi бойынша, баланың аты мен әкесiнiң аты оның көрсетуі бойынша жазылады. Енгізілген мәліметтер әке болуды анықтау туралы мәселені шешуге кедергі болып табылмайды. Баланың әкесі туралы мәліметтер анасының тілегі бойынша туу туралы актілер жазбасына енгізілмеуі мүмкін» делінген.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсыным:

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды болдырмау мақсатында Ақтөбе қаласының АХАТ бөлімі ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 97-бабының 3-тармағына өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстарды уәкілетті органға жіберу жөнінде шаралар қабылдасын - «Баланы некеде тұрмайтын (ерлі - зайыпты болмаған) адам асырап алған кезде оның өтініші бойынша асырап алынған баланың әкесінің (анасының) тегі бала асырап алушының тегі бойынша, ал асырап алынған баланың әкесінің (анасының) аты мен әкесінің аты бала асырап алушының нұсқауы бойынша тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына жазылады».

 Талдамалық анықтама жұмыс тобының мүшелерімен келісілді

Дата публикации
30 апреля 2021