«Ақтөбе қаласының «Астана» ауданы әкімінің аппараты» ММ жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша талдамалық анықтама
Ақтөбе қаласы 3 қараша 2020 жыл
2020 жылғы 3 қарашадағы №147 «Ақтөбе қаласының «Астана» ауданы әкімінің аппараты» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы аудан әкімінің өкіміне сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Бөлімдегі ішкі талдау 2020 жылдың 5 маусымнан – 3 қарашаға дейін жұмыс кезеңін қамтиды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген ережелеріне сай келесі бағыттар бойынша ішкі талдау жүргізілді.
Бөлімнің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
Бөлім өз қызметінде:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі» туралы Қазақстан
Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V Заңы;
өзін-өзі басқару» туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңы;
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңы;
4 желтоқсандағы N 95-IV Кодексі);
- «Мемлекеттік сатып алу» туралы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434V Заңы;
1) Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы:
«Ақтөбе қаласының «Астана» ауданы әкімінің аппараты» ММ штат саны - 26 бірлік. 3 бос орын
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ заңының 14-бабына сәйкес бөлім қызметкерлерінің арасында жақын туыстық қатынастары анықталған жоқ.
2020 жылғы 24 маусымнан бастап аппарат басшысы А.У.Муханбетов аудан әкімінің №86 өкімімен өз еркімен жұмыстан босатылды.
2020 жылғы 30 маусымнан бастап Д.Б.Қарылғашов тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің жетекші маманы негізгі қызметкердің жұмысқа шығуына байланысты №87 өкімімен жұмыстан босатылған.
2020 жылғы 2 шілдесінен бастап Ә.Д.Кенжалы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы өз еркімен аудан әкімінің №90 өкімімен жұмыстан босатылды.
2020 жылғы 24 тамыздан бастап К.А.Қуаныш тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкерлердің бала күтіміне байланысты демалысы кезінде) лауазымынан басқа мемлекеттік лауазымға орналасуына байланысты аудан әкімінің №113 өкімімен жұмыстан босатылды.
2020 жылғы 28 тамыздан бастап Г.К.Маралова тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің жетекші маманы өз еркімен аудан әкімінің №118 өкімімен жұмыстан босатылды.
2020 жылғы 30 қыркүйектен бастап А.С.Казмагамбетов тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы лауазымынан босатылып, 2020 жылғы 29 қыркүйектегі кандидаттарға іріктеуді жүзеге асыру жөніндегі бірыңғай конкурстық комиссия қорытынды отырырысының шешіміне сәйкес, аудан әкімінің №134 өкімімен «Астана» ауданының әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.
2020 жылғы 13 қазаннан бастап С.С.Абдразаков кәсіпкерлікті дамыту және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы лауазымынан босатылып, 2020 жылғы 5 қазандағы кандидаттарға іріктеуді жүзеге асыру жөніндегі бірыңғай конкурстық комиссия қорытындысы отырысының шешіміне сәйкес, аудан әкімінің №139 өкімімен «Астана» ауданының әкімінің тұрғын үй-коммнуалдық шаруашылық бөлімінің бас маманы болып тағайындалды.
2) Мүдделер қақтығысын реттеу
Бөлімде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ заңының 15-бабына сәйкес мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.
3) «Ақтөбе қаласының «Астана» ауданы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызмет көрсету және рұқсат беру фунцияларын атқармайды;
4) Бұқаралық ақпарат құралдарында теріс жарияланымдар жоқ;
5) «Ақтөбе қаласының «Астана» ауданы әкімінің аппараты» ММ келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері
Мониторинг кезеңінің аралығында заңды және жеке тұлғалардан барлығы 85 өтініш түсіп, тіркелді. Оның ішінде: заңды тұлғалардан - 19, жеке тұлғалар - 66, әкімнің жеке қабылдауында - 15 адам болды.
Құзырлы органға жолдау мерзімі өткен 2 өтініш анықталды.
6) Прокурорлық қадағалау актілері мен сот актілері нәтижесі:
1) Ақтөбе қаласы әкімі жанындағы бірыңғай тәртіптік комиссия отырысының 2020 жылғы 22 маусымдағы шешімі негізінде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 50 бабы 1 тармағы 4 тармақшасында көрсетілген талаптарды бұзғаны үшін: «Ақтөбе қаласы «Астана» ауданы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы Молдаулетова Шынкүміс Әлиқызына қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту берілді.
2) «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасы» ММ 2020 жылғы 17 қыркүйектегі №2-20304-20-02828 заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсынуына сәйкес қызметтік міндеттерін тиісті түрде атқармағаы үшін «Ақтөбе қаласы «Астана» ауданы әкімінің аппараты ММ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Өтемұратов Айдын Әкімжанұлына ескерту берілді.
Қорытынды
«Ақтөбе қаласының «Астана» ауданы әкімінің аппараты» ММ қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерінде, ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүгізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.