Ақтөбе қаласы ауыл шаруашылығы бөлімі ММ-сі 2020 жылдың 01 қаңтарынан 2020 жылдың 1 қарашасы аралығында сыбайлас-жемқорлық тәуекелдерін талдау бойынша жүргізілген жұмыстарға Анықтама

Ақтөбе қаласы ауыл шаруашылығы бөлімі ММ-сі 2020 жылдың 01 қаңтарынан 2020 жылдың 1 қарашасы аралығында сыбайлас-жемқорлық тәуекелдерін талдау бойынша жүргізілген жұмыстарға

Анықтама

Жүргізілген талдау жұмысы бойынша бөлім тарапынан казіргі уақытта 3 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетілуде олар:

«Тракторлар және олардын базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру» Осы бағытта 449 қызмет көрсетілді.

 «Тракторлар және олардын базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу» -көрсетілген қызмет саны 109.

«Тракторлар және олардын базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекттік техникалық байқаудан өткізу»- көрсетілген қызмет саны 192.

Биылғы жылдың басынан барлығы 750 мемлекеттік қызмет көрсетілген.

Аталған қызметтердін 2(екеуі) электрондық түрде көрсетіледі тек машиналардың кепілін тіркеу қызметі ХҚКО (халыққа қызмет көрсету орталығы, ЦОН) арқылы  өтінімдер қабылданады.  

Барлық көрсетілген қызмет түрлері бойынша бөлім қызметкерлерімен қызмет алушылардың арасында ешқандайда контактар орын алмайды. Бұл жағдайда сыбайлас-жемқорлық тәуекелдері орын алуға ешқандайда мүмкіндіктер туындамайды.

Дата публикации
29 апреля 2021