Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бойынша 2020 жылдың 16 қараша мен 31 желтоқсан аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау және талдамалық анықтама
Ақтөбе қаласы 16 қараша 2020 жыл
Кіріспе бөлімі
Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының (бұдан әрі- бөлім) 2020 жылғы 16 маусымдағы №293/1 бөлімнің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы бұйрығына сәйкес, 2020 жылдың 1 шілдеден мен 31 желтоқсан аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Бөлімдегі ішкі талдау 2020 жылдың 16 қарашадан 31 желтоқсанға дейін жұмыс кезеңін қамтиды.
Бөлім өз қызметін «Ақтөбе қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 17 қаңтардағы № 145 қаулысы негізінде жүзеге асырады.
Бөлімнің миссиясы ережеге сәйкес қала аумағын көркейту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласын мемлкеттік реттеу және ведомствовалық бақылау, осы салалардағы тауарлар мен қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру болып табылады.
Бөлімнің сыбайлас жемқорық тәуекелдерін ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1.Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2.Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
1.Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Бөлім өз қызметінде:
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», Мемлекеттік сатып алу туралы», Қазақсатан Республикасының Заңдары, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2015 жылғы 18 желтоқсанындағы № 147 бұйрығымен бекітілген «Жеке және заңды тұлғаларды өтініштерін есепке алу қағидалары», Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпанындағы №144 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидалары», Қазақстан Республикасының Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсанындағы № 152 Жарлығымен бекітілген «Нормативтік құқықтық актілерді рәсімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидалары», Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің 2015 жылғы 11 желтоқсанындағы «Мемлекеттік сатып алуды» жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы №648 бұйрығымен, мемлекеттік мекемесінің ережесін, қызметкерлер қызметте басшылыққа алып жұмыстанған.
2.Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
1) Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы
Ақтөбе қаласы әкімінің қаулысына сәйкес бөлімнің штат саны - 29 бірлік, оның ішінде нақты саны - 25 бірлік. Бөлім басшысы қызметін атқарған М.Ажибаев болды. Қазіргі уақытта бөлім басшысы міндетін атқарушы Б.Алдияров.
Ағымдағы жылда жұмысқа Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының 2020 жылғы 2 сәуірдегі №20-41-9.52 «Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің жекелеген лауазымдарына жалпы және ішкі конкурстан тағайындау бойынша» жұмыскерлер 7 қабылданды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 29 сәуіріндегі №310 жарлығына сәйкес 7 адам жұмыстан босатылды.
Ағымдағы жылда тәртіптік теріс-қылық жасағаны үшін,тәртіптік жауапкершілікке 10 адам тартылып, оларға ескерту жарияланды. Сыбайлас жемқорлық үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар жоқ.
Жағымсыз қылықтармен жұмыстан босатылғандар, лауазымы бойынша төмендегендер, алмастырулар болған жоқ.
Кадрлық іс-жүргізу қойылған талаптарға сәйкес келеді және қалыпты деңгейде жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ заңының 14-бабына сәйкес бөлім қызметкерлерінің арасында жақын туыстық қатынастары анықталған жоқ.
2) Мүдделер қақтығысын реттеу
Бөлімде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ заңының 15-бабына сәйкес мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ. Мемлекеттік сатып алуларды мониторинг өткізу барсыныда мүдделер қақтығысы анықталған жоқ. Келісім шарт жасалған кезде жұмыстармен қызметтер өткізу біліктілік талаптарына сәйкестігі мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 6-бабына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қатысуға құқығы тексерілді.
2020 жылғы шілде-желтоқсан аралығында «Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ, жеке тұлғалардан келіп түскен өтініштер саны - 461, заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер саны - 772, мерзімі бұзылып қаралған өтініштер саны – 12.
3) Мемлекеттік қызмет көрсету
«Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ 5 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді:
1.Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау.
2.Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту.
3.Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу.
4.Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру.
5.Ағаштарды кесуге рұқсат беру.
2020 жылы қараша-желтоқсан аралығындағы көрсетілген мемлекеттік қызмет саны-21, оның ішінде оң нәтиже-12, бас тарту саны-4. Қызмет түрі - облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу.
«Ақтөбе қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесіне сәйкес қала аумағындағы баланыстағы ТП, РП желілерін, желілердегі тоқ қуатын бақылап, қадағалап, тексеріп техникалық шарт (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығы.Электр энергиясын пайдалану қағидаларына 3-қосымша) береді.
№1 ұсыныс:
«Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ Ақтөбе қаласы әкіміне Мемлекеттік қызметтер тізіліміне техникалық шарт қағазын беру жөніндегі функцияларды енгізу мәселесін қарастыру бойынша ұсынысын жіберсін.