Ақтөбе қалалық мәслихатының «2020 жылғы 22 желтоқсандағы
№617 «2021-2023 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының
бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасына
БАСПА-РЕЛИЗІ
Мәслихат шешімінің жобасы ҚР Бюджет кодексінің 104,106 баптарына сәйкес енгізіледі.
Нақтылауға енгізіледі:
«Ақтөбе қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-сі бойынша 2020 жылы Жұмыспен қамту жол картасы аясында басталған ауыспалы жобалардың құрылысын аяқтауға 2 129 327,6 мың теңге қаражат қажет.
Ақтөбе қалалық мәслихатының «2020 жылғы 22 желтоқсандағы №617 «2021-2023 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджетін бекіту туралы» шешімнің жобасы gov.kz сайтында 2021 жылы 6 сәуірде, e-gov ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 2021 жылы 6 сәуірде орналастырылды. Ақтөбе қаласының қоғамдық кеңесінің қорытындысы 2021 жылғы 16 сәуірдегі №01-1/21 хатымен алынды.