2020 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша Ақтөбе қаласының жергілікті атқарушы органдарының қызметі туралы
ЕСЕБІ
Қала әкімдігі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласын дамыту бойынша кешенді шаралар қабылдайды.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Ақтөбе қаласының жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік қызметтердің 83 түрі көрсетіледі. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы мемлекеттік қызметтің 36 түрі, электронды форматта 67 мемлекеттік қызмет және мемлекеттік орган арқылы 2 түрі көрсетіледі. Ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 7 қызмет, тегін – 76 қызмет, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін анықтайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілермен қарастырылған жағдайды қоспағанда.
2020 жылы қалада жергілікті атқарушы органдар 131900 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде 80086 қызмет электрондық түрде, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация арқылы 27856 қызмет көрсетілді.
Ақтөбе қаласының жергілікті атқарушы органдарында ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтердің қатарына баланың тууын тіркеу, тұрғын үйге мұқтаждарды тіркеу және жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім қабылдау жатады.
Мемлекеттің негізгі міндеті тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру, мемлекеттік қызметші мен келуші арасындағы байланысты жоққа шығарып оларды электронды форматқа көшіру болып табылады, бұл сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты туындататын жағдайларды жоюға ықпал ететін болады.
Баламалы және электронды түрде көрсетілетін қызметтердің танымалдығын арттыру және оларды арттыру үшін жүйелі негізде үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде. Ақпарат БАҚ, әлеуметтік желілерде және қалалық әкімдіктің ресми сайтында үнемі жарияланады. Мұнда мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін анықтайтын тізіммен және заңға тәуелді актілермен бірге, қала әкімдігі онлайн режимінде қызмет алу тәртібін түсіндіретін бейнероликтер жариялауды жалғастыруда.
Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік органның қызметі мен мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғындардың сұрақтарына жауаптар берілген, мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының қатысуымен мемлекеттік органдардың Instagram парақшаларында тікелей эфир өткізіледі.
Мемлекеттік органдар халыққа мемлекеттік қызметтерді алу бойынша қадамдық нұсқаулықтар әзірлеп, тікелей байланыс арқылы және әлеуметтік желілер арқылы таратылған болатын.
Электрондық форматта қызмет көрсету көлемін ұлғайту мақсатында мемлекеттік мекемелерде (Ақтөбе қаласының Астана және Алматы аудандық әкімдіктерінің ғимараттарында, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі) және барлық қаласының мектептерінде (жазғы кезеңде) арнайы электрондық бұрыштар қызмет етеді. Сондай-ақ, клуб басшылығымен келісім бойынша өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы «INFINITY» интернет-кафесінде орналасқан.
Қала аумағында мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде ресімдеу мәселелері бойынша баннерлер орналастырылған (Ағ.Жұбановтар және Ө.Сеитов көшелерінде).
Сонымен қатар, қала аумағында (Сәңкібай батыр даңғылы 145 Б, Некрасов көшесі, 112, Алтынсарин көшесі, 2, 60 лет Октября көшесі, 70 Б) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын жақсарту, электрондық мемлекеттік қызметтерді әйгілендіру, тұрғындарға қызмет көрсету тәртібін, сонымен қатар «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы және «Электрондық үкімет» веб-порталының көмегімен қызметтерді рәсімдеу тиімділігін түсіндіру мақсатында «Ашық Әкімдік» орталықтары халық үшін жұмыс жасауда. Орталықта мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік маңызды мемлекетік қызметтер бойынша толық ақпарат алуға және мемлекеттік қызметтерге онлайн түрде өтініш беруге мүмкіндік бар.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына (әрі қарай – Заң) сәйкес көрсетілетін қызметті алушылар осы Заңның 15-бабында көзделген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылауларға қатысуға құқылы. Заңның 15-бабында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері қозғалатын жеке және заңды тұлғалардың ескертпелері мен ұсыныстарын ескеру мақсатымен жүргізілетіні айтылған.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні әзірлейтін орталық мемлекеттік орган мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасын жария талқылау үшін оны "электрондық үкіметтің" веб-порталында, өзінің интернет-ресурсында және (немесе) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің интернет-ресурстарында орналастырады, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасы туралы хабардар етілуін өзге де тәсілдермен қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерінің жобаларымен https://legalacts.egov.kz осы жерден қалайтындардың барлығы таныса алалады.
Мемлекеттік корпорация арқылы және электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің танымалдылығын арттыру және оларды жоғарылату үшін 2020 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша халық арасында 160 астам мәжіліс өткізіліп, шамасында 2900 адам қатысты.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Геопортал» жобасы жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда, Ақтөбе геопорталында ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы тестілік есеп алынды. Сондай-ақ, Ақтөбе Геопорталының «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер базасы», «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер базасы», «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер базасы» «Мекен-жай тіркелімі» ақпараттық жүйелерінің интеграциялық қызметіне қосылуы жасалуда.
Жергілікті атқарушы органдардың мамандарының кәсіби деңгейін көтеру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау өңірлік орталығында есепті кезеңде 34 адам оқытылды.
Есепті кезеңде Ақтөбе қаласының жергілікті атқарушы органына қызмет алушылардан көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына қатысты 10 өтініштер (шағымдар) түсті.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын мемлекеттік бақылау ережелерге сәйкес қалалық мемлекеттік органдарында және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарда ішкі бақылау бойынша жұмыстар жүргізіледі. 2020 жылы 14 ұйымда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау іс-шаралары жүргізілді, 446 бұзушылықтар фактісі анықталды. Нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы, мемлекеттік қызметтерді көрсету ішкі рәсімдерді жақсарту ұсынымдармен хаттар жіберілді. Лауазымды тұлғаларға тәртіптік жауапкершілікке шаралар қабылданды, мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлер арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Есептік кезеңде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мерзімдері 6 рет бұзылды. Соның ішінде:
- сәулет және қала құрылысы бөлімі – 2;
- қала әкімі аппараты - 4.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлдарға 4 ЖАО лауазымды тұлғалар тартылды.
Тұтынушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттанушылығын арттыру мақсатында, жергілікті атқарушы органдарға келесідей міндеттер қойылды:
- ақпараттық жадынамаларды, брошюраларды және буклеттерді тарату және әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында қадамдық нұсқаулықтарды жариялау арқылы электрондық форматта және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің санын ұлғайту бойынша жұмыстарын жалғастыру;
- мемлекеттік қызметтер көрсететін қалалық мемлекеттік мекемелерде ішкі бақылау жүргізу бойынша жұмысты жалғастыру. Ішкі бақылау барысында мемлекеттік қызметтер көрсетуді жақсартуға бағытталған ұсыныстар әзірлеу;
- «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер базасы», «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер базасы», «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер базасы» «Мекен-жай тіркелімі» ақпараттық жүйелерінің қосылу жұмыстарын аяқтап, «Геопортал» жобасын жүзеге асыру.
Қала әкімі аппаратының
ақпараттандыру және мемлекеттік
қызметтер көрсету мәселелерін
үйлестіру бөлімінің басшысы А.Рахимов