"Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ-нің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің нәтижесі бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

"Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ-нің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің нәтижесі бойынша

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

 

Ақтөбе қаласы                                                                      9 қараша 2020 жыл

 

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы "Сыбайлас жемқорылққа қарсы іс-қимыл туралы"  Заңының 8-бабының 5-тармағын басшылыққа ала отырып, "Ақөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің (одан әрі - Бөлім) 09.11.2020 жылғы № 302 бұйрығына сәйкес, 2020 жылдың 10 айына Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер мен ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында, ішкі талдау жүргізілді.

         Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 4 қыркүйектегі № 4852 қаулысымен "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ-нің Ережесі бекітілген. 

        

  1. Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

         1.1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы:

         2020 жылғы 1-қарашадағы жағдай бойынша, Бөлімде  27 штаттық бірлік бекітілген, оның ішінде нақтысы - 22 бірлік. Бөлім бойынша кадрлардың ауысуы - 5 бірлік, оның ішінде:

         - жоғары тұрған органға ауысқандыры - 0;

         - зейнеткерлік демалысқа шыққаны - 0;

         - өз еркімен жұмыстан шыққаны - 2;

         - негізі қызметкердің жұмысқа шығуына байланысты - 0;

         - мемлекеттік емес ұйымға ауысқаны - 0;

         - теріс себептермен шыққандары - 0;

         - басқа мемлекеттік органдарға ауысқандары - 5.

         Біліктілгін арттыру курсынан өткен қызметкерлер саны - 6, қайта даярлау курсынан өткен қызметкерлер саны - 3.

         2020 жылдың 10 айында Бөлімнің 7 мемлекеттік қызметкеріне тәртіптік шара қолданылды, азаматтық қызметкерлерге - 2, техникалық жұмысшыларға - 1.  

         Жұмыспен қамту бөлімінде басшы - 1, басшының орынбасары - 2, сектор меңгерушісі - 4, бас маман - 15, жетекші маман - 0.

         Негізгі персоналдан тұратын келесі секторлар жұмыс жасайды:

         1) әкімшілік-құқықтық сектор;

         2) экономика және бухгалтерлік есеп секторы;

         Қосымша қызметкерлер құрамынан тұратын келесі секторлар жұмыс жасайды:

         1) ардагерлер және мүгедектермен жұмыс секторы;

         2) әлеуметтік көмек тағайындау секторы;

         3) әлеуметтік көмек төлеу секторы;

         4) жұмыспен қамту секторы.

         Бөлімге бағынысты 3 коммуналдық мемлекеттік мекеме жұмыс жаайды. Олар:

         1) "Халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ;

         2) "Әлеуметтік жәрдем орталығы" КММ;

         3)  "Ауыр тұрмыстық жағдайдағы тұлғаларды қайта леуметтендіруге арналған орталығы" КММ.

           

         1.2. Мүдделер қақтығысын реттеу:

         Ішкі талдау нәтижесі көрсеткендей, Бөлімде мүдделер қақтығысы деректері орын алған жоқ.

         Төмендегі кестеде баяндалғандай, ішкі талдау кезінде тәртіптік шараларды мерзімінен бұрын жиі алып тастау деректері орын алған жоқ.

        

Тегі, аты, әкесінің аты

Тәртіптік шара

Тәртіптік шараны мерзімінен бұрын алу

Жалпы күндердің саны

Биржанова Айсауле

Баянгаликызы

ескерту

-

-

Тасанова Эльмира

Дуйсенбаевна

ескерту

-

-

 

Нағашыбаева Замзагуль Кенесбаевна

ескерту

-

-

        

         1.3. Мемлекеттік қызмет көрсету:

         Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен халықты әлеуметтік қорғау саласында көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері бекітілген.

         "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ арқылы мемлекеттік қызметтің 17 түрі көрсетіледі.

Оның ішінде:

13 қызмет - бөлім арқылы және баламалы негізде;

1 қызмет - тек ғана мемлекеттік орган арқылы;

1 қызмет - тек ғана мемлекеттік корпорация арқылы:

13 қызмет - «электронды үкімет» веб порталы және мемлекеттік корпорация арқылы көрсетіледі. 

1 қызмет түрі - "Әлеуметтік жәрдем орталығы" КММ арқылы;

3 қызмет түрі - "Халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ арқылы;

Бөлім арқылы және баламалы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері:

Мемлекеттік қызметтің түрлері:

1.Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау;

  1. Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру;

3.Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу;

  1. Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру;
  2. Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу;
  3. Мүгедектерге кресло-арбалар беру;
  4. Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету;
  5. Үйде күтiм көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтiк қызмет  көрсетуге құжаттар ресiмдеу.
  6. Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу;
  7. Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету.

Мемлекеттік орган арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері:

  1. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау.

тек ғана Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері:

  1. Ақталған адамдарға куәлік беру.

«Электронды үкімет» веб порталы және мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері:

  1. Тұрғын үй көмегін тағайындау.
  2. Жұмыс іздеп жүрген адамдармен жұмыссыздарға жәрдемдесу.
  3. Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу;
  4. Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілілігін растайтын анықтама беру.
  5. Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау.
  6. Жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама беру.
  7. Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу;
  8. Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу;
  9. Мүгедектерге кресло-арбалар беру;
  10. Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету;
  11. Үйде күтiм көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтiк қызмет  көрсетуге құжаттар ресiмдеу.
  12. Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу;
  13. Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету.

2020 жылдың 10 айы ішінде барлығы 17002 қызмет ұсынылды, соның ішінде:

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы - 5260;

Бөлім арқылы - 103;

"Электронды үкімет" веб порталы арқылы - 64;

Электрондық түрде берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы - 11575 қызмет түрлері ұсынылды.

Жоғарыда аталған кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету барысында ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" және т.б. заңнамалардың нормаларын бұзу деректері болған жоқ. 

ҚР Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңына сәйкес, мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімділікті артттыру үшін пандутармен жабдықталған. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектелі жандарға сезімтал жолы бар.      Бөлімде өзіне өзі қызмет көрсету бұрыныш ашып, қызметкерлер мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алуға тілек білдірген кез-келген тұтынушыға көмек көрсетеді.

Сондай-ақ, онлайн қызметтерді алу тәртібін түсіндіру бойынша электрондық цифрлық қолтаңба көмегімен мемлекеттік қызметтерді кез-келген уақытта компьютер, планшет, мобильді құрылғылар арқылы қалай алуға болатындығы түсіндірілетін Бөлімнің инстаграмм парақшасында бейне-роликтер жарияланған.

Заңның талаптарына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Стандарттары мен Регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Бөлімде мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша Стенд жасақталған және әлеуметтік желілерде үнемі жарияланып отырады.

Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерді зерттеу нәтижелері бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасы туралы қызмет алушылардан шағымдар түспегендігі анықталды.

1.4. Рұқсат беру функцияларын іске асыру

"Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ-нің Ережесіне сәйкес, Бөлім рұқсат беру функцияларымен айналыспайды.

1.5. Бақылау функцияларын іске асыру

"Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ-нің Ережесіне сәйкес, Бөлім бақылау функцияларымен айналыспайды.

  1. Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

2.1. Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау         Ақтөбе қалалық мәлихатының 2016 жылғы 23 қарашадағы № 114 шешіміне сәйкес, өмірлік қиын жағдайлардағы азаматтарға, егер жолыққан сәттің алдындағы тоқсанда отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы Ақтөбе облысы бойынша төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінен бір еседен аспаса, әлеуметтік көмек көрсетіледі (кірісі есептелмей әлеуметтік көмек көрсетілетін Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерін, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарды қоспағанда).

"Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 9-тармағына сәйкес, көрсетілетін қызмет берушіге келесі құжаттар ұсынылады:

1) жеке басты куәландыратын құжат;

2) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;

3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер;

4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер;

5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын акт және/немесе құжат.

Талап етілетін құжаттардың бірі - адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер. Олар - алимент, мүгедектігі бойынша алатын арнайы жәрдемақы, шәкіртақы, жеке кәсіпкерліктен түсетін табыстар және т.б. Яғни, қызмет алушы өзінің отбасының табысын жоғарыда аталған құжаттардың қандай да бірін тапсыру арқылы дәлелдей алады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті құзырлы органдар тарапынан тексеру кезінде, әлеуметтік біржолғы көмек тағайындау кезінде отбасының нақты жалпы кірісін анықтау үшін төмендегі құжаттардың қосымша алынғандығы анықталды: мүгедектігі туралы анықтама, қайтыс болу туралы куәлік, некені бұзу туралы куәлік, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы көшірмесі, т.б.     

Бірақ, бұл аталған құжаттар Стандартта көзделмегендіктен, негізсіз талап етілген құжат болып табылады. Яғни, Стандартта көзделмеген құжат түрлерін талап ету - сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына әкеліп соқтырады.         Ұсыныс № 1:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартында отбасы мүшелерінің табыс көзі туралы мәліметті растайтын құжат түрін енгізу туралы ұсыныс жасау.      Осы аталған мемлекеттік қызмет түрін көрсету барысында туындайтын екінші мәселе бұл - талап етілетін құжаттардың тізімінде әлеуметтік көмек алушының есеп шоты көрсетілген құжат көзделмеген. Әлеуметтік біржолғы көмек ақшалай нысанда көрсетіледі, сондықтан ақшалай қаражат аудару мақсатында қызмет алушыдан 20-таңбалы есеп шотының нөмірі көрсетілген банк құжаты талап етіледі. Бұл дерек те өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдірінің туындауына алып келеді.

Ұсыныс № 2:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартында 20-таңбалы есеп шотының нөмірі көрсетілген банк құжатын енгізу туралы ұсыныс жасау.

Осы аталған мемлекеттік қызмет түрін көрсету барысында туындайтын үшінші мәселе бұл - Стандарттың 9-тармағы 2-тармақшасында қажетті құжаттардың бірі ретінде тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 18.09.2013 жылғы № 983 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Үкіметінің 30.09.2019 жылғы № 726 қаулысына сәйкес, тұрғылықты жерінен мекен жай анықтамаларын талап ету 01.01.2019 жылдан бастап алынып тасталған болатын.

Осыған байланысты, Ақтөбе қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 қарашадағы № 114 шешіміне өзгерістер енгізілді. Бірақ, Стандартқа өзгеріс енгізілмеген.

Қызмет ұсынушы маман мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Стандартты және № 114 шешімді басшылыққа алады. Бірақ, екі НҚА-нің талаптары екі түрлі болып отыр. Сондықтан, бұл жағдай Бөлімде осы қызмет түрін көрсету барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына әкеліп соқтырады.         Ұсыныс № 3:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартында талап етілетін құжаттар тізімінен тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат түрін алып тастау туралы ұсыныс жасау.  

Осы аталған мемлекеттік қызмет түрін көрсету барысында туындайтын төртінші мәселе бұл - Стандарттың 9-тармағы 3-тармақшасында қажетті құжаттардың бірі ретінде Стандарттың 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 554 қаулысымен өзгеріс енгізіліп, талап етілетін құжаттар тізімінен өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтерді растайтын құжат түрі алынып тасталған. Ұсыныс № 4:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартында талап етілетін құжаттар тізімінен Стандарттың 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтерді растайтын құжат түрін алып тастау туралы ұсыныс жасау. 

Талдамалық анықтама жұмыс тобының мүшелерімен келісілді. 

Дата публикации
15 апреля 2021