«Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ-нің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қызметін жүргізу бойынша аналитикалық анықтама

«Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ-нің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қызметін жүргізу бойынша аналитикалық анықтама

 Ақтөбе қаласы                                                                                          06 қараша 2020 жыл

 

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8 бабы 5 тармағына сәйкес «Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ-нің қызметіне, соның ішінде 2020 жылдың екінші жартыжылдығына мемлекеттік мекеме қызметінде қозғайтын нормативтік құқықтық актілер және құқықтық актілерден сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, мемлекеттік мекемедегі ұйымдастырушылық – басқарушылық қызметінен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыттары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 02.11.2020 жылғы №100 бұйрығы негізінде 1 шілде – 6 қараша аралығында жүргізілді.

«Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ-сі қызметін келесідегідей нормативтік құқықтық актілер қамтиды:

  1. ҚР «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V Заңы;
  2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 29 шілдедегі №300 бұйрығы;
  3. Ақтөбе облысы әкімінің 2015 жылғы 22 шілдедегі Қаулысы;
  4. ҚР 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV Бюджеттік Кодексі (12.2016ж дейінгі өзгерістер мен толықтыруларды қосқанда);
  5. ҚР 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V; «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы (27.02.2017ж дейінгі өзгерістер мен толықтыруларды қосқанда);
  6. «Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің м.а. 2011 жылғы 2 тамыздағы № 390 бұйрығы;
  7. «Бюджеттің атқарылуы және озған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы №540 бұйрығы;

«Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ-нің Ережесінде көрсетілген міндеттері мен тапсырмалары бөлімнің қызметін қамтитын нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес келеді. 

«Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ штаттық саны 7 бірлікті құрайды. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қызметін жүргізу уақытында бөлім басшысы өз еркімен жұмыстан босаған және бір бас маман өз еркімен жұмыс орнын ауыстырған. Бала күтіміне байланысты демалыста болған маманның жұмысқа қосылуына байланысты, бір маман жұмыстан босады. Бос орындарға жаңа басшы және жаңа бас маман тағайындалған. Екі маман онлайн біліктілік көтеру курстарына қатысқаны анықталды. 

Бөлімде мемлекеттік сатып алу бойынша 2020 жылдың екінші жарты жылдығында 11 мемлекеттік сатып алу келісім-шарты жасалған. Соның ішінде: 2 – ашық байқау тәсілі, 8 – баға ұсыным сұрату тәсілі және 1 – бір көзден алу тәсілі арқылы жүзеге асқан.

Қызметкерлердің жеке-іс парақтарын тексеру кезінде бір-біріне тікелей туысқандық қатынастары жоқ екені анықталды.

«Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ-сі «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы,3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтар және біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрін көрсетеді. Аталған қызмет түрі ХҚКО орталығы арқылы жүзеге асады.

Мемлекеттік қызмет көрсету барысында әкімшілік дискрециялық кедергілер, нормативтік құқықтық актілермен салалық заңдар арасында қарама-қайшылық белгілері анықталған жоқ. Бекітілген стандарттарға сәйкес нақты мемлекеттік қызмет көрсету барысы сәйкес келеді. Алдын-ала көрсетілмеген құжаттар талап ету, қызмет көрсетуші мен қызмет алушының тікелей байланысы анықталған жоқ. Бөлімде аталған мемлекеттік қызмет көрсетуден басқа қызмет белгілері жоқ.

«Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ-сі қызмет барысында қандай да бір рұқсат құжаттарын бермейді.

«Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ-сі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы бақылау жұмысы жақсы көрсеткіш көрсетті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткізілген іс-шаралар бөлімнің әлеуметтік желілердегі парақшаларында және қала әкімдігі сайтында жарияланып тұрады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде, соның ішінде 2020 жылдың екінші жартыжылдығында бір арыз-шағым қаралған. Аталған арыз-шағым мазмұны қаладағы спорт инфрақұрылымдарына, яғни спорт алаңдарын немесе спорт мектептерін ашу бойынша түскен.

«Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ-нің қызметіне, соның ішінде 2020 жылдың екінші жартыжылдығына мемлекеттік мекеме қызметінде қозғайтын нормативтік құқықтық актілер және құқықтық актілерден сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, мемлекеттік мекемедегі ұйымдастырушылық – басқарушылық қызметінен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыттары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу уақытында мекеменің жұмысын қамтитын нормативтік құқықтық актілерінде және ұйымдастырушылық – басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

Мекеме қала әкімінің 10.10.2018 жылғы №6251 Қаулысымен бекітілген 2015-2025 жылдарға арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы –іс-қимыл» Жоспары бойынша жұмыстар жүргізуде.  

Дата публикации
15 апреля 2021