Аналитикалық анықтама
«Ақтөбе қаласының мемлекеттік сатып алулар бөлімі»ММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша
Ақтөбе қ. 02.11.2020 ж.
Талдау Ақтөбе қаласының мемлекеттік сатып алулар бөлімі басшысының м.а. 02.11.2020 жылғы №46 бұйрығы негізінде жүргізілді, құрамында жұмыс тобының жетекшісі Орынбасар М. Ж., жұмыс тобының мүшелері Бержанова А. С., Раушанова Б.Ш., Батырова А. Ж., Бикеева Л. Ж. «Мемлекеттік органның қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Бөлім өз қызметінде басшылыққа алатын заңдарды, нормативтік - құқықтық актілерді, құқықтық актілерді зерттеді.
Бөлімнің Ережесін зерделеу барысында "Ақтөбе қаласының мемлекеттік сатып алулар бөлімі" ММ қызметін қозғайтын негізгі функциялар және олармен байланысты нормативтік құқықтық актілер (Қазақстан Республикасының 04.12.2015 ж. № 434-V Заңы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 11.12.2015 ж. № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары) талданды. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер мен нормаларды талдау нәтижелері бойынша анықталған жоқ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың қамтылған кезеңі-2020 жылдың 10 айы.
Бөлімнің ұйымдастыру-басқару қызметінде 2020 жылдың 10 айы үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдаудан келесі бағыттар өткізілген:
Бөлімнің штаттық саны бүгінгі күні 7 бірлікті, нақты саны - 6 бірлікті құрайды.
Отбасылық жағдайлардан туындаған кадрлардың кетуі орын алды (1 бас маман). Бөлімнің қызметіне әсер еткен жоқ.
Бөлімнің мемлекеттік қызметшілеріне қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында жағымсыз материалдар анықталған жоқ.
Мүдделер қақтығысымен күресудің бір тәсілі-ақпаратты ашу. Осыған байланысты бөлімнің мемлекеттік қызметшілері жыл сайын өз мүлкі мен кірістерін декларациялайды.
Сондай-ақ алдын алу әдістерінің бірі мүдделер қақтығысының туындауын болдырмау болып табылады, осыған байланысты бөлім қызметшілерімен мемлекеттік қызметшілерге меншігіндегі мүлікті сенімгерлік басқаруға беру мәселесі бойынша техникалық оқу өткізілді, оны пайдалану кіріс алуға әкеп соғады.
"Ақтөбе қаласының мемлекеттік сатып алулар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережеге сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бөлімнің құзыретіне кірмейді.
Бөлімде рұқсат беру және бақылау функциялары жоқ.
2020 жылдың 10 айында жеке және заңды тұлғалардан 20 өтініш келіп түсті, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін талдау кезеңінде өтініштердің белгіленген тәртіппен қаралғанын, бұзушылықтар анықталмағанын көрсетеді.
Азаматтардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарламаларын «сенім телефонымен» қабылдау тұрақты негізде жұмыс режимінде өтеді. Есепті кезеңде хабарламалар түскен жоқ.
Зерттелетін кезеңге прокурорлық қадағалау актілері түскен жоқ.
Баяндалғанның негізінде, талдау нәтижесінде бөлімнің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Ұсынымдар: сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуды насихаттау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізу.
Жұмыс тобының жетекшісі
Орынбасар Мирас
Жаңбырбайұлы-бөлім басшысының м. а.
Жұмыс тобының мүшелері:
Бержанова Айнура Серикқызы - бас маман
Батырова Айымгүл Жанасқызы - бас маман
Раушанов Бектас Шәкенұлы - бас маман
Бикеева Лаззат Жолайқызы - бас маман