Ақтөбе қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларында тұрғындардың пікірін тыңдау бойынша қоғамдық тыңдаудың №2 ХАТТАМАСЫНАН ҮЗІНДІ

Ақтөбе қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларында тұрғындардың пікірін тыңдау бойынша қоғамдық тыңдаудың

№2 ХАТТАМАСЫНАН ҮЗІНДІ

Өткізілген уақыты: 2021 жылғы 17 наурыз, жерг. уақытпен сағ. 12:00.

Өткізілген орны: «Геолог» мәдениет үйі

(Ақтөбе қаласы, «Алматы» ауданы, Қарғалы тұрғын үй алабы, Матросов көшесі, 30 «а») 

 Барлығы қатысқандар – 66 адам.

 Күн тәртібі: 

«Ақтөбе қаласындағы әкімшілік-аумақтық бірліктерді, оның құрамдас бөліктерін атау және қайта атау туралы».

 Төрағалық етуші:

Хусаинов Демаш Пиешевич - Ақтөбе қалалық мәслихатының заңдылық, құқықтық тәртіп, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару тұрақты комиссиясы төрайымының орынбасары.

Қатысушылар:

Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаттары, Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңес мүшелері, «Алматы» ауданы әкімінің орынбасары және қала тұрғындары.

 Тыңдалды:

 Баяндамашы: «Ақтөбе қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ сектор меңгерушісі - Омарова Әсел Әлімжанқызы.

Сөз сөйлегендер:

Қала тұрғындары – Қ.Жеткерген, О. Үсенов, Д.Болатбай, Б.Қалиұлы, С.Төрекешов, М. Бисеналин, Т. Аяпов, А. Ембергенов, Т. Омаров.

«Ақтөбе қаласындағы әкімшілік-аумақтық бірліктерді, оның құрамдас бөліктерін атау және қайта атау туралы» тұрғындардың пікірін тыңдау бойынша қоғамдық тыңдау  қатысушылары  дауыс берді: 

Ақтөбе қаласы «Астана» ауданының атаусыз көшелерін - Айнакөл, Ақойман, Желтоқсан батырлары, Қорғанжар атауларымен атау туралы ұсыныстар.

«Жақтады» - 60

«Қарсы» - 6

«Қалыс қалған» - жоқ

  1. Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданының атаусыз көшесін - Аягөз атауымен атау туралы ұсыныс.

«Жақтады» - 62

«Қарсы» - 4

«Қалыс қалған» - жоқ

  1. Ақтөбе қаласы «Астана» ауданының құрамдас бөліктерін:

1) Атауы жоқ шағын ауданын – «Батыс» тұрғын үй алабы;

2) Атауы жоқ шағын ауданын – «Ұлы Дала» тұрғын үй алабы;

3) Атауы жоқ шағын ауданын – «Самал» тұрғын үй алабы;

4) Атауы жоқ тұрғын үй алабын – «Жаңақоныс-2» тұрғын үй алабы;

5) Атауы жоқ тұрғын үй алабын – «Таңшолпан» тұрғын үй алабы;

6) Атауы жоқ тұрғын үй алабын – «Қанағат» тұрғын үй алабы;

7) Атауы жоқ тұрғын үй алабын – «Бауырластар» тұрғын үй алабы;

8) Атауы жоқ тұрғын үй алабын – «Бауырластар-2» тұрғын үй алабы

деп атау туралы ұсыныстар.

«Жақтады» - 58

«Қарсы» - 8

«Қалыс қалған» - жоқ

  1. Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданының құрамдас бөліктерін:

1) Атауы жоқ тұрғын үй алабын – «Есет батыр» тұрғын үй алабы;

2) Атауы жоқ тұрғын үй алабын – «Көктем» тұрғын үй алабы;

3) Атауы жоқ тұрғын үй алабын – «Балауса» тұрғын үй алабы;

4) Атауы жоқ тұрғын үй алабын – «Жібек Жолы» тұрғын үй алабы;

5) Атауы жоқ тұрғын үй алабын – «Жарық» тұрғын үй алабы;

6) Атауы жоқ тұрғын үй алабын – «Саяжай» тұрғын үй алабы;

7) Атауы жоқ тұрғын үй алабын – «Ақшат-2» тұрғын үй алабы

8) Атауы жоқ тұрғын үй алабын – «Ақжар-2» тұрғын үй алабы деп атау туралы ұсыныстар.

«Жақтады» - 66

«Қарсы» - жоқ

«Қалыс қалған» - жоқ.

  1. Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданының келесідей көшелерін:
  • Интернациональный көшесін - Сегіз сері көшесі;
  • Центральный көшесін – Мұхаммед-Салық Бабажанов көшесі;
  • Набережный көшесін - Жаяу Мұса көшесі;
  • Набережный көшесін - Мұрат Мөңкеұлы көшесі;

5) Мир көшесін - Қабылиса жырау көшесі деп қайта атау туралы ұсыныстар.

 «Жақтады» - 60

«Қарсы» - 6

«Қалыс қалған» - жоқ

Ақтөбе қалалық мәслихатының тұрақты комиссиялары ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАДЫ: 

  1. «Ақтөбе қаласының атаусыз құрамдас бөліктеріне атау беру және кейбір көшелерін қайта атау туралы» мәселе бойынша қала халқының пікірі ескерілсін. 
  2. Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Д.Ғ.Исмағамбетоваға:

     Осы ұсыныс Ақтөбе қаласы әкімдігі мен Ақтөбе қалалық мәслихатының бірлескен қаулысы мен шешімін қабылдауға Ақтөбе қалалық мәслихатының сессиясына ұсынылсын.

Төрағалық етуші                                                                                                           Д.Хусаинов

Дата публикации
18 марта 2021