Ақтөбе қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларында тұрғындардың пікірін тыңдау бойынша қоғамдық тыңдаудың
№ 1 ХАТТАМАСЫНАН ҮЗІНДІ
Өткізілген уақыты: 2021 жылғы 17 наурыз, жергілікті уақытпен сағат 11.00.
Өткізілген орны: Шығармашылық академиясы ғимараты (Ақтөбе қаласы, «Астана» ауданы, Батыс-2,24 «Г»).
Барлығы қатысқандар саны – 84 адам.
Күн тәртібі:
«Ақтөбе қаласындағы әкімшілік-аумақтық бірліктерді, оның құрамдас бөліктерін атау және қайта атау туралы».
Төрағалық етуші:
Ж.Б.Умарова - Ақтөбе қалалық мәслихатының заңдылық, құқықтық тәртіп, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының төрайымы.
Қатысушылар:
Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаттары, Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңес мүшелері, М.Балтымова – қалалық ономастика комиссиясының мүшесі, қала тұрғындары.
Тыңдалды:
«Ақтөбе қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің басшысы Әсел Саматқызы Бөлекова.
Сөз сөйлегендер:
Қала тұрғындары – Б.Дюсембаев, А.Нығыметов, С.Құсайынов .
«Ақтөбе қаласының атаусыз құрамдас бөліктеріне атау беру және кейбір көшелерін қайта атау туралы» тұрғындардың пікірін тыңдау бойынша қоғамдық тыңдау қатысушылары дауыс берді:
Ақтөбе қаласы «Астана» ауданының атаусыз көшелерін - Айнакөл, Ақойман, Желтоқсан батырлары, Қорғанжар атауларымен атау туралы ұсыныстар.
«Жақтады» - 80
«Қарсы» - 4
«Қалыс қалған» - жоқ
«Жақтады» - 72
«Қарсы» - 12
«Қалыс қалған» - жоқ
1) Атауы жоқ шағын ауданын – «Батыс» тұрғын үй алабы;
2) Атауы жоқ шағын ауданын – «Ұлы Дала» тұрғын үй алабы;
3) Атауы жоқ шағын ауданын – «Самал» тұрғын үй алабы;
4) Атауы жоқ тұрғын үй алабын – «Жаңақоныс-2» тұрғын үй алабы;
5) Атауы жоқ тұрғын үй алабын – «Таңшолпан» тұрғын үй алабы;
6) Атауы жоқ тұрғын үй алабын – «Қанағат» тұрғын үй алабы;
7) Атауы жоқ тұрғын үй алабын – «Бауырластар» тұрғын үй алабы;
8) Атауы жоқ тұрғын үй алабын – «Бауырластар-2» тұрғын үй алабы
деп атау туралы ұсыныстар.
«Жақтады» - 84
«Қарсы» - жоқ
«Қалыс қалған» - жоқ
1) Атауы жоқ тұрғын үй алабын – «Есет батыр» тұрғын үй алабы;
2) Атауы жоқ тұрғын үй алабын – «Көктем» тұрғын үй алабы;
3) Атауы жоқ тұрғын үй алабын – «Балауса» тұрғын үй алабы;
4) Атауы жоқ тұрғын үй алабын – «Жібек Жолы» тұрғын үй алабы;
5) Атауы жоқ тұрғын үй алабын – «Жарық» тұрғын үй алабы;
6) Атауы жоқ тұрғын үй алабын – «Саяжай» тұрғын үй алабы;
7) Атауы жоқ тұрғын үй алабын – «Ақшат-2» тұрғын үй алабы
8) Атауы жоқ тұрғын үй алабын – «Ақжар-2» тұрғын үй алабы деп атау туралы ұсыныстар.
«Жақтады» - 80
«Қарсы» - 4
«Қалыс қалған» - жоқ.
5) Мир көшесін - Қабылиса жырау көшесі деп қайта атау туралы ұсыныстар.
«Жақтады» - 74
«Қарсы» - 10
«Қалыс қалған» - жоқ
Ақтөбе қалалық мәслихатының тұрақты комиссиялары ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАДЫ:
Осы ұсыныс Ақтөбе қаласы әкімдігі мен Ақтөбе қалалық мәслихатының бірлескен қаулысы мен шешімін қабылдауға Ақтөбе қалалық мәслихатының сессиясына ұсынылсын.
Төрағалық етуші Ж.Умарова