Ақтөбе қаласының аумағында жолаушыларды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланған тарифті белгілеу туралы

Ақтөбе қаласының аумағында жолаушыларды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланған тарифті белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31,37-баптарына және "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 19-бабына сәйкес, Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Ақтөбе қаласының аумағында жолаушыларды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тариф келесі мөлшерде белгіленсін:

1) жол ақысын ұялы байланыс операторының көрсетілетін қызметтері арқылы немесе электрондық жол жүру картасы арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде - 80 (сексен) теңге; жеті жастан он бес жасқа дейінгі балаларға – 40 (қырық) теңге. 2) жолаушыларды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға қолма - қол ақшамен төлеу кезінде - 150 (жүз елу) теңге. жеті жастан он бес жасқа дейінгі балаларға – 75 (жетпіс бес) теңге.         

2. Электрондық жолақы төлеу жүйесі жарамсыз болған жағдайда, көлік карталары арқылы төлемді жүзеге асыратын жолаушылар тегін жол жүру құқығына ие болады.

3.Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкiмінiң орынбасары С. Ли жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қала әкімі                                                                                       А. Шахаров

 

«КЕЛІСІЛДІ»

 

Ақтөбе қалалық                                                                  

Мәслихатының сессия төрағасы                        М. Балтымова                                               

 «___»___________2021 жыл

Ақтөбе қалалық 

мәслихат хатшысы                                                                         А. Даржанова

 «___»___________2021 жыл  

Дата публикации
01 апреля 2021