Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 30 қарашадағы №4703 «Ақтөбе қаласы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жоба

 

 

Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 30 қарашадағы №4703 «Ақтөбе қаласы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 529 бабының 6 тармағына сәйкес, Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Ақтөбе қаласы әкімдігінің «Ақтөбе қаласы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» 2020 жылғы 30 қарашадағы №4703 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) 1-бағанда:

«Саябақ көшесімен Алтынемел (бұрынғы Земледельческая көшесі) көшесінің қиылысына дейін, Алтынемел (бұрынғы Земледельческая көшесі) көшесімен  Мир даңғылының қиылысына дейін» деген сөздер «Алтынемел (бұрынғы Земледельческая көшесі) көшесімен  Мир даңғылының қиылысынан» деген сөздермен ауыстырылсын;

«Мир даңғылымен Саябақ көшесінің қиылысына дейін» деген сөздер «Мир даңғылымен Алтынемел (бұрынғы Земледельческая көшесі) көшесінің қиылысына дейін» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 4-бағанда:

«Заречный-3, Заречный-4» деген сөздер алынып тасталсын;

«Кеңес Нокин тұрғын үй алабының солтүстік-батыс бөлігі және Пригородное тұрғын үй алабының батыс бөлігі» деген сөздер алынып тасталсын;

3) 8-бағанда:

«Мир даңғылымен Алтынемел (бұрынғы Земледельческая көшесі) көшесінің қиылысына дейін, Алтынемел көшесімен (бұрынғы Земледельческая көшесі) Саябақ көшесінің қиылысына дейін, Саябақ көшесімен Мир даңғылының қиылысына дейін» деген сөздер алынып тасталсын;

4) 9-бағанда:

«Елек өзенінің су қорғау аймағының бойымен, Кеңес Нокин атындағы даңғылына іргелес жатқан бау-бақша ұжымдарын қоса алғанда, Сағи Жиенбаев және Гастелло Н.Ф. көшелерінің қиылысына дейін» деген сөздер «Сағи Жиенбаев және Гастелло Н.Ф. көшелерінің қиылысына дейін, бау-бақша ұжымдарын қоспағанда» деген сөздермен ауыстырылсын;

«Сағи Жиенбаев көшесімен Южный көшесінің қиылысына дейін, Южный көшесімен В.Ф.Зинченко көшесінің қиылысына дейін, В.Ф.Зинченко көшесімен Шернияз Жарылғасұлы көшесінің қиылысына дейін, Шернияз Жарылғасұлы көшесімен Герцен көшесінің қиылысына дейін» деген сөздер «Сағи Жиенбаев көшесімен көпірге дейін, Лермонтов көшесіндегі көпірден Шернияз Жарылғасұлы мен Герцен көшелерінің қиылысына дейін» деген сөздермен ауыстырылсын;

5) 10-бағанда:

«Әз Наурыз көшесіндегі көпірден бастап» деген сөздер «Әз Наурыз және Н.Шайкенов көшелерінің қиылысынан»  деген сөздермен ауыстырылсын;

«, Сельмаш шағын ауданы, мәдениет және демалыс саябағын қоса алғанда» деген сөздер «Кольцов көшесіне дейін, Кольцов көшесімен Берекет көшесіне дейін, Берекет көшесінен Мұхтар Әуезов көшесіне дейін, Мұхтар Әуезов көшесінен» деген сөздермен ауыстырылсын;

«көпірге дейін» деген сөздер «Н.Шайкенов көшесінің қиылысына дейін» деген сөздермен ауыстырылсын;

6) 11-бағанда:

«Ақжар-2 тұрғын үй алабы, «Ақжар плюс», «Тереңсай», «Сарбаз», «Зеленая» бау-бақша ұжымдары.» деген сөздер «Ақжар-2, «Ақжар плюс»,  «Сарбаз» тұрғын үй алаптары.» деген сөздермен ауыстырылсын;

7) 12-бағанда:

«Ясное тұрғын үй алабы.» алынып тасталсын;

8) 16-бағанда:

«Елек өзенінің су қорғау аймағына дейін, Елек өзенінің су қорғау аймағы бойымен «Запказэнерго РУ» бау-бақша ұжымының солтүстік жағына дейін, «Запказэнерго РУ» бау-бақша ұжымының солтүстік жағынан, 312 атқыштар дивизиясы даңғылы бойымен» деген сөздер «312 атқыштар дивизиясы даңғылы бойымен темір жол көлігі, тұрмыстық және өнеркәсіптік құрылыстар жерлерін қоса алғанда» деген сөздермен ауыстырылсын;

«Шернияз Жарылғасұлы көшесінің қиылысына дейін, Шернияз Жарылғасұлы көшесімен» деген сөздер «Шернияз Жарылғасұлы және Лермонтов көшелерінің  қиылысына дейін, Лермонтов көшесімен»  деген сөздермен ауыстырылсын;

««Ромашка» бау-бақша ұжымының жерін қоса алғанда,  41 разъезд, Новый Ясное тұрғын үй алабы, құс фабрикасы аумақтарын қоса алғанда «Ақтөбе-Қандыағаш» бағытындағы айналма автомобиль жолына дейін, Ақтөбе су қоймасының су қорғау аймағы бойымен,  «Ақтөбе-Қандыағаш» бағытындағы тас жолындағы  темір жол бойымен қала шекарасына дейін»  деген сөздер ««Ромашка» бау-бақша ұжымының жерлерін қоспағанда «Ақтөбе-Қандыағаш» бағытындағы айналма автомобиль жолына дейін, 41 разъезд аумағын қоса алғанда «Ақтөбе-Қандыағаш» бағытындағы тас жолымен қала шекарасына дейін» деген сөздермен ауыстырылсын;

«Сельмаш-2 шағын ауданы» деген сөздер «Сельмаш, Сельмаш-2 шағын аудандары»  деген сөздермен ауыстырылсын;

«Әз Наурыз көшесіне дейін» деген сөздер «Білтабанов көшесінің қиылысына дейін, Білтабанов көшесінің қиылысынан Әз Наурыз және Н.Шайкенов көшелерінің қиылысына дейін» деген сөздермен ауыстырылсын;

9) 18-бағанда:

«Ақжар тұрғын үй алабы аумағының іргелес бау-бақша ұжымдарымен шекарасында» деген сөздер «бау-бақша ұжымдары» деген сөздермен ауыстырылсын;

10) 21-бағанда:

«Қурайлы» деген сөзден кейін «, Ясное,  Новый Ясное, Заречный-3, Заречный-4» деген сөзбен толықтырылсын»;

11) 31-бағанда:

«екінші жағынан Новый Ясное тұрғын үй алабының» деген сөздерден кейін «, Медик-1, Зеленый-4, Сосна, Геолог-7, Ақсүт, Авиатор-5, Горветсеть бау-бақша ұжымдарын қоса алғанда» деген сөздермен толықтырылсын;

12) 33-бағанда:

«Жіңішке өзенінің» деген сөздердің алдына «,АЗХС-1,2,3,4, АЗФ-1,2,4,5, ТЭЦ-2, Березка бау-бақша ұжымдарын қоса алғанда» деген сөздермен толықтырылсын.

2.«Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада бекітілген тәртіппен:

         1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

         2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3.Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4.Осы қаулы оның алғашқы ресми жариялануына байланысты қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ақтөбе қаласының әкімі                                                                А. Шахаров

 

 Жобаны ұсынушы:

«Ақтөбе қаласының экономика

және қаржы бөлімі» ММ басшысы                                                            А.Үрістемова

 

Дата публикации
17 марта 2021