Ақтөбе қаласы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының    2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының    6, 7 баптарына,  Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі №94-1 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 10-3-бабының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы «Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде          № 20284 тіркелген бұйрығына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.Ақтөбе қаласы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2.«Ақтөбе қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде  мемлекеттік тіркеуді;

2) осы шешімді, оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе қалалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3.Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

                                                                                                               

 

Ақтөбе қалалық мәслихатының сессия төрағасы

 

А. Сакиев

Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы

 

А. Даржанова

Дата публикации
12 марта 2021