Ақтөбе қалалық мәслихатының «2020 жылғы 22 желтоқсандағы №617 «2021-2023 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасына БАСПА-РЕЛИЗІ

Ақтөбе қалалық мәслихатының  «2020 жылғы 22 желтоқсандағы

№617 «2021-2023  жылдарға арналған Ақтөбе қаласының

бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»  шешім жобасына

БАСПА-РЕЛИЗІ

Мәслихат шешімінің жобасы ҚР Бюджет кодексінің 104,106 баптарына сәйкес енгізіледі.

         Нақтылауға енгізіледі:

  1. Облыстық мәслихат сессиясының 2021 жылғы 24 ақпандағы шешімімен қалаға облыстық бюджеттен 2 625 256,0 мың теңге сомасында нысаналы трансферттер көзделген және Ұлттық қордан 84 112,0 мың теңге сомасында нысаналы трансферттер азайтылады.
  2. Бұдан басқа, бюджеттің кіріс бөлігін 1 094 893,6 мың теңге көлемінде ұлғайту жолымен қалалық бюджетті нақтылау жүргізіледі (Ақтөбе қаласы Мемлекеттік кірістер басқармасының болжамды деректеріне сәйкес)

         Тиісінше, қалалық бюджеттің шығыс бөлігі 1 094 893,6 мың теңгеге ұлғаяды.

Сондай-ақ, 2021 жылдың басында қалалық бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотында бөлуге жататын 300 000,0 мың теңге сомасындағы бос қалдықтар бар. «Ақтөбе қаласының тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар автокөлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-не 458-015 «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» бағдарламасы бойынша қаражат бөлу ұсынылады»:

- елді мекендер көшелерінің электр энергиясын тұтынғаны үшін төлем – 300 000,0 мың теңге.

 

Ақтөбе қалалық мәслихатының  «2020 жылғы 22 желтоқсандағы  №617 «2021-2023  жылдарға арналған Ақтөбе қаласының  бюджетін бекіту туралы» шешімнің жобасы gov.kz сайтында 2021 жылы 11 ақпанда, e-gov ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 2021 жылы 11 ақпанда орналастырылды. Ақтөбе қаласының қоғамдық кеңесінің қорытындысы          2021 жылғы 3 наурыздағы №01-1/9 хатымен алынды.

Дата публикации
03 марта 2021