«Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің ережесі

Ақтөбе қаласы әкімдігінің

   2021  жылғы  «___»  ______

                                                               №___  қаулысымен

                                                  бекітілген

 Ақтөбе қаласы әкімдігінің

   2019  жылғы  10 қаңтардағы

                                                               № 78 қаулысымен

                                                  бекітілген

 

«Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің ережесі

 

  1. Жалпы ережелер
  2. «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі экономикалық және бюджеттік жоспарлау, мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық және бюджеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуді үйлестіру, бюджетті орындау саласында (ларында) басшылықты жүзеге асыратын және Ақтөбе қаласының коммуналдық мүлігін басқару және коммуналдық мүліктің пайдаланылуын бақылау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  3. «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомствалары жоқ.
  4. «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  5. «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  6. «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  7. «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  8. «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
  9. «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  10. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 030006, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы, Тахауи Ахтанов көшесі, 50 үй.
  11. Мемлекеттік органның толық атауы – «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
  12. Осы Ереже «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  13. «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  14. «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

  1. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі мемлекеттік мекемесінің миссиясы: қаланың бәсекеге қабілеттілігін жаңа сапалы деңгейіне жетуге, әлеуметтік-экономикалық тұрақты өсуіне ықпал ететін әлеуметтік – экономикалық саясатты, экономикалық және бюджеттік жоспарлау жүйелерінде тұтастықты, тиімділікті, бюджеттің орындалуы саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады және Ақтөбе қаласының коммуналдық меншігін басқару саласында мемлекеттік саясатты іске асырады.
  2. Міндеттері:

1) Ақтөбе қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын қалыптастыру; 

2) Ақтөбе қаласының әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарымен бюджеттік және инвестициялық саясатты өзара әрекеттесуін жүзеге асыру;

3) мемлекеттік бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз ету;

4) бюджет шығыстарын әлеуметтік-экономикалық дамудың басымды бағыттарына шоғырландыру;

5) бюджет қаржыларын пайдалану тиімділігін арттыру және «бюджеттік масылдықты» қысқарту;

6) жергілікті бюджеттің орындалу процесін жетілдіру;

7) Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес Ақтөбе қаласының коммуналдық мүлкін басқару саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету.

  1. Функциялары:

1) Ақтөбе қаласының аумағын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруды әзірлеу, түзету облыстың мемлекеттік жоспарлау бойынша өкілетті органымен келісу және Ақтөбе қаласы әкімдігінің веб-порталында орналастыруды қамтамасыз ету;

2) қаланың аумағын дамыту бағдарламасын және іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша есепті дайындау, облыстың мемлекеттік жоспарлау бойынша өкілетті органға бағдарламаны іске асыру барысы туралы жиынтық есепті белгіленген мерзімде ұсыну және Ақтөбе қаласы әкімдігінің веб-порталында орналастыруды қамтамасыз ету;

3) Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы есебімен бюджет түсімдерін жоспарлау;

4) үш жылдық кезеңге базалық шығыстар мен жаңа бастама шығыстары үшін бюджеттің шығыс лимиттерін қалыптастыру және оларды бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне жеткізу;

5) бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалар жобаларында көрсетілген көрсеткіштерді мемлекеттік органның ережесінде белгіленген құзырына сәйкестігін қарау;

6) үш жылдық кезеңге бюджеттік өтінімдерді өтіп кеткен нақтылау, заңнама өзгерістері, бағдарламалық құжаттары, коммуналдық шығыстарға тарифтер өсімі мен инфляция бойынша шығыстарды индексациялау есебімен қарау және жинақтау;

7) үш жылдық кезеңге қала бюджеті жобасын әзірлеу мен оны бюджеттік комиссияның қарауына енгізу;

8) жоспарлы кезеңге Ақтөбе қаласының бюджетін бекіту және нақтылау жөніндегі Ақтөбе қалалық мәслихат шешімін жүзеге асыру туралы қала әкімдігі қаулысының жобасын әзірлеу;

9) бюджеттік заңнама талаптарына сәйкес және бар көздер есебімен шығыстар лимитін ұлғайту бойынша қажеттіліктерді қалыптастыру және ұсыныстарды дайындау;

10) Ақтөбе қаласының бюджетін нақтылау (түзету) бойынша ұсыныстар енгізу;

11) өзгерістер мен толықтырулар есебімен мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламалары туралы қалалық әкімдіктің қаулы жобасын қарау мен келісу;

12) Ақтөбе қаласының азаматтық бюджетін әзірлеу және әлеуметтік желіде  орналастыру;

13) атқарушы билік органдарының құрылымдарын және өзара әрекетін жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу;

14) жергілікті атқарушы органдарының құрылымын және штаттық кестесін келісу;

15) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің инвестициялық ұсыныстары бойынша экономикалық пікірлерді дайындау;

16) бюджет жобасына енгізу және бюджеттік комиссияға қарау үшін бюджеттік инвестициялық жобаларды таңдау;

17) бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастыру, әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемені тиісті сараптамалық зерттеулерді тиісті бөлінген бюджеттік бағдарлама қаражаты есебінен жүзеге асыру;

18) жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша экономикалық көзқарастарды, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғалардың экономикалық сараптамасын қорытындылау негізінде республикалық бюджеттен алынатын нысаналы даму трансферттері мен несиелері есебінен қаржыландырылатын жобаларды дайындау;

19) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің ұсынысы мен экономикалық қорытындыға негізделген заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуымен жоспарланған бюджеттік инвестицияларды таңдау және тиісті бюджеттік комиссияға қорытынды беру;

20) жергілікті атқарушы орган белгілеген заңды тұлғаның сараптамасы негізінде мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобасына арналған бизнес-жоспар бойынша қорытындыларды дайындау, ол қатысқан жағдайда;

21) концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасының ажырамас бөлігі болып табылатын концессиялық жобаны техникалық-экономикалық негіздемені қоса алғанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары мен концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын жергілікті атқарушы орган айқындаған заңды тұлғаның қатысуымен, ол қатысқан жағдайда ұсыну;

22) тиiстi сараптама негiзiнде мемлекеттiк-жеке меншiк әріптестiк және концессиялық жобалар бойынша конкурстық құжаттамаға қатысты пiкiр қалыптастыру және тиiстi бюджет комиссиясының қарауына олардың консультациялық қолдау көрсету бойынша қызметтер көрсету туралы қорытынды беру;

23) мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің әрбір жобасын және тиісті бюджеттік бағдарлама қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік комиссиялармен бекітілген концессиялық жобаны консультациялық қолдау қызметтерін қаржыландыру көлемінің тізбесін қалыптастыру;

24) Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуымен жергілікті бюджет инвестициялық жобаларын, концессиялық жобаларды, жергілікті бюджет инвестицияларын жүзеге асыру мониторингі және бағалау;

25) Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобаларына, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерге, жергілікті атқарушы органдарға қатысты мемлекеттік міндеттемелердің мониторингі;

26) республикалық және жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар бойынша мемлекеттік және азаматтық қызметкерлер саны және еңбекақы қоры бойынша мониторинг өткізу;

27) бақылаушы органдармен жоспарлы және тематикалық бақылауды жүзеге асыру үшін материалдарды дайындау және ұсыну;

28) экономика секторында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштеріне талдау және мониторинг жүргізу;

29) облыстың мемлекеттік жоспарлау бойынша өкілетті органына реттелмелі салықтық төлемдері бойынша бюджет кірісіне түсетін болжам мәселесі бойынша ұсыныстар дайындау;

30) қала бюджетін толықтыру резервін көздерін анықтау және салық салу базасын кеңейту бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу;

31) салық салу базасын кеңейту бойынша комиссия отырысына ақпаратты әзірлеп, облыстың бюджетті жоспарлау бойынша өкілетті органына комиссия жұмысы туралы ақпараттар дайындау;

32) бюджетке түскен нақты кіріс түсімдері бойынша күн сайынғы ақпаратты өңдеу;

33) мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қала әкімінің және әкімдіктің нормативті құқықтық актілері жобасын әзірлеу және келісу;

34) бюджеттің орындалуы саласының, қала бюджетінің орындалуы бойынша бухгалтерлік есепті жүргізу, бюджеттік есеп және бюджеттік есеп беру саласындағы құзырлы орган болып табылады;

35) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларына сәйкес, түсімдер және төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландыру жиынтық жоспарын әзірлейді;

36) қаржыландыру жоспары бойынша әрбір айларға бөлінген жылдық сомаларға талдау мен бағалау жүргізу арқылы бюджеттің орындалу мониторингін жүзеге асыруы, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларына енгізген өзгерістерінің негізділін қарап, қаржыландыру жоспарларының орындалмау себептерін анықтау, белгіленген уақытта қала бюджетінің орындалу туралы есебін әзірлейді;

37) бюджеттің орындалуы бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіру;

38) өткен қаржы жылына қалалық бюджеттің орындалуы туралы есеп әзірлеу және оны қаланың жергілікті өкілді органының қарауына енгізу;

39) қалалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің төлемдер және міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізген өтінімдерін қарау, түсімдер жиынтық жоспарына, төлемдер және міндеттемелер бойынша жиынтық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

40) Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының әрбір бюджеттік бағдарламасы және әрбір ай бойынша қалалық мемлекеттік мекемелердің жеке қаржыландыру жоспарларын төлемдер және міндеттемелер бойынша барлық жеке қаржыландыру жоспарының жиынтық сомасын түсімдердің жиынтық жоспары және төлемдер мен міндеттемелер жиынтық қаржыландыру жоспарының сомасына сәйкестігін тексеруді жүргізеді;

41) мемлекеттік мекемелердің билігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан алатын қаржылай түсімдері мен шығындары, демеушілік, қайырымдылық көмектен түскен түсімдер мен шығындар туралы жоспарларының бюджеттік қаржылары бойынша қаржылық жоспарларының орындалуы туралы қалалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің есептерін қабылдау және тексеруді жүзеге асырады;

42) жоспарлы кезеңге төлемдердің уақытылығын және толықтығын қамтамасыз ету үшін бар ақшалар ағынының болжамын жасайды;

43) жоғары тұрған бюджеттерден түскен нысаналы трансферттер есебін жүргізеді, республикалық және облыстық нысаналы трансферттердің пайдаланылуы туралы есеп жасайды;

44) облыстың бюджеттің орындалуы бойынша өкілетті органына ағымдағы нысаналы трансферттердің, несиелер және дамуға нысаналы трансферттердің іске асырылуы мониторингісінің нәтижелері туралы есеп жасайды;

45) жоғары тұрған бюджеттерден түскен несиелер мен қарыздарды есепке алуды жүзеге асырады, олар бойынша жоғары тұрған бюджетке несиелерді, қарыздарды және сыйақыларды қайтаруды жүзеге асырады;

46) өткен қаржы жылында толық пайдаланылмаған нысаналы трансферттерді жоғары тұрған бюджетке қайтаруды жүзеге асырады;

47) қаланың бағдарлама әкімшілерінің қалыптасқан кредиторлық және дебиторлық берешектерін есепке алады және талдауды жүзеге асырады, белгіленген нысан бойынша жедел және нақтыланған есептерді жасайды;

48) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынған мемлекеттік мекемелердің тауарларды, (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен түсімдер мен шығындар қаржысының жиынтық жоспарын келісімдейді;

49) қалалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен қаржыларының кірістері мен шығыстарының негізгі жоспарынан құралған белгіленген нысанда қайырымдылық көмек, демеушілік, ақылы қызметтерге қолма қол ақшалардың бақылау шоттарын ашуға өтінімді қазынашылықтың аумақтық бөліміне ұсынады;

50) корпоративтік есеп карточкасын қолданумен есеп өткізу үшін ұлттық валютада ағымдағы шот ашуға мемлекеттік мекемелерге рұқсаттама береді;

51) облыстың бюджеттің орындалуы бойынша өкілетті органына бюджет мониторингінің нәтижелері бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілері есептерінің негізінде бюджеттің орындалуы туралы аналитикалық есепті белгіленген мерзімде қалыптастырады және ұсынады;

52) қала бюджетіне салықтық және басқа міндетті төлемдерді алуға жауапты уәкілетті орган қалыптастыратын есепті деректері негізінде қала бюджетінің кіріс бөлігіне белгіленген мерзімде талдауды жүзеге асырады;

53) бюджет қаражаттарын басқару бойынша облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының қызметінің тиімділігін бағалау Әдістемесіне сәйкес, қаланың жергілікті атқарушы органының бюджеттік даму бағдарламалары бойынша бюджеттік қаражаттарды басқару бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалауды жүзеге асыру үшін сенімді және толық ақпарат ұсынуды жүзеге асырады;

54) белгіленген мерзімде қаланың жергілікті өкілді органына, облыстың тексеру комиссиясына, облыстың бюджеттің орындалуы бойынша және ішкі бақылау бойынша уәкілетті органдарға қала бюджетінің орындалуы туралы есепті ұсынады;

55) әкімшілендірілетін төлемдер бойынша қала бюджетіне артық (қате) төленген сомаларды қайтаруды немесе аударуды жүзеге асырады;

56) бюджеттік заңмамамен белгіленген бюджет есептемесінің басқа да түрлерін жасайды;

57) қала әкімдігінің резервінің қаражаттарының пайдалану есебін жүргізеді және тиісті кезеңге резервтің пайдаланылуы мен қалдықтары туралы ақпаратты облыстың бюджетті орындау бойынша уәкілетті органға ай сайын жібереді;

58) қала әкімінің резервінде қарастырылған қаражаттарды бөлу мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы қаулылардың жобаларына қорытынды дайындайды;

59)  мекеме қызметін қамтамасыз ету үшін тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады;

60)  жыл сайын салық салу  мақсатында мүлікке бағалау жүргізу қамтамасыз ету;

61)    өз құзіреті шегінде Ақтөбе қаласының коммуналдық мүлкін басқару саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік және құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;

62)    Ақтөбе қаласының коммуналдық мүлкін жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен меншігіне өтеусіз негізде беру құқығымен мүлікті жалдауға (жалға алуға), сенімгерлікпен басқаруға беру;

63)    Ақтөбе қаласындағы коммуналдық мүлікті пайдалануды және сақтауды қамтамасыз ету, Ақтөбе қаласының коммуналдық мүлкін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды Ақтөбе қаласының коммуналдық заңды тұлғаларына беру және мемлекеттік мүлікті жергілікті өзін-өзі басқарудың бір деңгейінен екіншісіне беру үшін қажетті шараларды қабылдау;

64) жергілікті атқарушы органның шешімімен Ақтөбе қаласының коммуналдық заңды тұлғаларының, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің құрылтайшылары (қатысушылары) ретінде қатысу және Ақтөбе қаласының коммуналдық мүлкін мемлекеттік мекемелерге және кәсіпорындарға өтеусіз пайдалануға беруді ұйымдастырады;

65)    Ақтөбе қаласының коммуналдық меншігіне айналған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте иесі жоқ деп танылған, мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте коммуналдық меншікке өтеусіз өткен иесіз қалған мүліктің, олжаның, қараусыз қалған жануарлардың, мәдени құндылықтарға жататын заттары жоқ көмбенің үлестерін есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастыру;

66)    Ақтөбе қаласының коммуналдық мүлкін сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлік басқарушының міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асыру;

67)    Ақтөбе қаласының коммуналдық мүлкін жекешелендіруді ұйымдастыру, оның ішінде жекешелендіру рәсімін ұйымдастыру үшін делдалды қатыстыру, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз ету, сатып алу-сату шарттарын әзірлеу мен жасауды жүзеге асыру;

68)    Ақтөбе қаласының мемлекеттік заңды тұлғаларының мүлкін есептен шығаруды келісу;

69)    коммуналдық меншікті жергілікті мемлекеттік басқарудың бір деңгейінен басқасына беру бойынша қажетті шараларды жүзеге асыру;

70)    Ақтөбе қалалық коммуналдық меншік объектілерін мемлекеттік мекемелерге және кәсіпорындарға тегін пайдалануға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

71)    Ақтөбе қаласының коммуналдық мүлкін жекешелендіру туралы шешім қабылдау жөніндегі функциялардан басқа, Ақтөбе қаласының коммуналдық мүлкін сату бойынша сатушының (мүлікті иеліктен алуды жүргізетін тұлға) функциялары мен өкілеттіктерін жүргізу;

72) мемлекеттік мүліктің мақсатқа сай пайдаланылуын бақылауды және артық, пайдаланылмаған немесе мақсатқа сай пайдаланылмаған мүлікті алып қоюды Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы заңнамасы айқындайтын тәртіпте жүзеге асырады;

73) Ақтөбе қаласының коммуналдық меншiгiндегi объектiлер үшiн жер туралы актiлердi, техникалық паспорттарды өндiру жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады және оларды уәкiлеттi органмен ресiмдейдi;

74) Ақтөбе қаласының коммуналдық мүлкін есепке алу және түгендеу;

75) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдау.

  1. «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (әрі қарай – Бөлім) құқықтары мен міндеттері:

1) өз құзыры шегінде мекемеге жүктелген функциялар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардан, мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғадан және басқа мекемеден және жеке тұлғадан қажетті ақпараттарды және құжаттарды сұратуға және алу;

2) бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша Ақтөбе қаласының әкіміне ұсыныс жасау;

3) бөлім құзырындағы мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте әкімдік қаулыларының, әкімнің шешімдері мен өкімдерінің және мәслихат шешімдерінің жобаларын ұсыну; 

4) басқа да атқарушы билік органдарының, кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің басшылары мен мамандарын тарта отырып, оның құзырына жататын мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте кеңеске қатысу, шақыру;

5) белгіленген тәртіпте бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің өтінімдерін, сондай-ақ бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу жөніндегі өтінімдерін қабылдамау;

6) мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын жасау;

7) қалалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен бухгалтерлік, қаржылық және мекеменің құзыретіне кіретін басқа да мәселелер бойынша бюджеттің жоспарын және орындалуын ұйымдастыру жөнінде ақпаратты сұрату және алу;

8) жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасауға, олар бойынша өзара міндеттердің талаптары мен сипатын анықтау;

9) арнайы білімдер мен қабілеттерді қажет ететін мәселелерді зерделеуге, кеңестер алу үшін кеңесшілерді (тәуелсіз сарапшыларды) тарту;

10) мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының соттарында мемлекеттің мүддесін ұсыну;

11) Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауға;

12) белгіленген тәртіпте салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге;

13) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапкершілікте болуға міндетті;

14) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруға, сәйкес іс-шаралар жоспарын әзірлеуге, сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша өңірлік және қалалық іс-шаралар жоспарының мүлтіксіз  орындалуын қамтамасыз етуге;

15)    Мүлікті иесіз қалған деп танып, одан әрі коммуналдық меншікке беру, сондай-ақ «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзіретіне енетін мәселелер бойынша Ақтөбе қаласы әкімінің және әкімдігінің мүддесін қорғау үшін сотта қарсылық көрсету-талап-арыздық жұмысты жүзеге асыруға,  Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы мен Ақтөбе қаласының әкімі және әкімдігінің актілеріне сәйкес сот актілеріне уақтылы шағымдану шараларын қабылдауға;

16)    іс бойынша тарап ретінде тікелей қатысқан азаматтық сот істеріне мониторинг жүргізу, сондай-ақ сотқа арыз беруге әкеп соқтырған себептерді анықтау мақсатында осы істерге талдауды жүргізе отырып, кейін қала әкіміне ақпарат пен тиісті ұсыныстар беруге;

17)    егер мәселе «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне тиесілі болса, «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің, сондай-ақ Ақтөбе қаласы әкімінің және әкімдігінің атына жолданған прокурорлық ықпал ету, тексеру комиссиясының, қаржылық бақылау актілерін қарастыруға, оларға жауаптар дайындау және олар бойынша талдау мен мониторинг жүргізу, олардың нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтарды келешекте болдырмау мақсатында әкімге тоқсан сайын ұсыныстар енгізу;

18)    «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атына келіп түскен немесе қала әкімінің, орынбасарларының тікелей тапсырмасы бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген мерзімде жауап әзірлеу және жолдау.

19) егер мәселе «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің құзіретіне тиесілі болса, «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің, сондай-ақ Ақтөбе қаласы әкімінің және әкімдігінің атына жолданған прокурорлық ықпал ету, тексеру комиссиясының, қаржылық бақылау актілерін қарастыруға, оларға жауаптар дайындау және олар бойынша талдау мен мониторинг жүргізу, олардың нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтарды келешекте болдырмау мақсатында әкімге тоқсан сайын ұсыныстар енгізу;

20) «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің атына келіп түскен немесе қала әкімінің, орынбасарларының тікелей тапсырмасы бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген мерзімде жауап әзірлеу және жолдау.

 

  1. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

  1. «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
  2. «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Ақтөбе қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  3. «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
  4. «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкiлеттiгi:

1)«Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;

2)      қолданыстағы заңнамаға сәйкес «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3)      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және ұйымдық шартқа сәйкес ««Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін марапаттайды, материалдық көмек көрсетеді және оларға тәртіптік жаза қолданады;

4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда ««Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атынан әрекет етеді;

5) Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгілейді. «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

 

  1. Мемлекеттік органның мүлкі

 

  1. «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік Ақтөбе қаласының коммуналдық меншігіне жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

  1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1.  «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Дата публикации
26 января 2021