2026 13 қазан 39
Ақтөбе қалалық мәслихат депутаттарының 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабына, 101-бабының 3-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы №60/99 қаулысын басшылыққа ала отырып, Ақтөбе қалалық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе қалалық мәслихат депутаттарының 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулы Ақтөбе қалалық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
4. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі..
Төраға Д. Калмагамбетова
Хатшы Э. Узакбаева