|
№ |
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсынымдар |
Ұсынымды орындау нысаны |
Уәкілетті органның ұстанымы *ұсынымда басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда |
Орындау мерзімі |
|
1 |
Істер номенклатурасын бекіту |
Істер номенклатурасы ҚР Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын қалыптастыру және басқару қағидаларына сәйкес болуы тиіс; Номенклатурада әрбір құжаттың атауы, мазмұны, сақтау мерзімі және жауапты тұлғалар нақты көрсетілуі керек; Барлық құрылымдық бөлімшелердің қатысуымен құжат жобасы келісіліп, бекітілсін. Істердің қалыптасуын және қозғалысын бақылау үшін электрондық құжат айналымы жүйесін (ЭҚАБЖ) пайдалану; |
Істер номенклатурасын стандарттарға сәйкестендіру; Жауапты тұлғаларды бекіту туралы бұйрық шығару; Электронды құжат айналымына көшу;
Құжаттарды жою комиссиясын құру |
- |
2025 жылдың соңына дейін |
|
2 |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүйелі негізде талдау жүргізу және оларға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау |
Жылына кемінде 1 рет мекеме қызметіне кешенді сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау жүргізу; Талдау барысында тәуекелдердің түрлері (құқықтық, ұйымдастырушылық, адами факторлар) нақты анықталуы тиіс; Анықталған тәуекелдер бойынша нақты іс-шаралар жоспары әзірленіп, орындалуы бақылансын; Қызметкерлер арасында бақылау және есептілік мәдениеті қалыптассын; Жыл сайынғы алдын алу шараларының жоспары. |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу; Алдын алу шараларының жоспарын бекіту; Тәуекелдер картасын әзірлеу; Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы есепті әзірлеу және ұсыну. |
- |
2025 жылдың соңына дейін |