|
№ |
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсынымдар |
Ұсынымды орындау нысаны |
Уәкілетті органның ұстанымы *ұсынымда басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда |
Орындау мерзімі |
|
1 |
Қызметкерлердің антикоррупциялық нормаларды толық білмеуі |
Қысқаша оқыту (10-15 мин). Тоқсан сайын шағын тренинг өткізу. Тақырып: «Сыбайлас жемқорлық деген не? Қандай жағдайлар қауіп тудырады?» Жадынама тарату. Әр қызметкерге 1 беттен тұратын жадынама беру: Не істеуге болмайды? Кімге хабарласуға болады? Плакат ілу.Кеңсе қабырғаларына қарапайым тілде жазылған плакаттар ілу: «Адал бол!» «Сыбайлас жемқорлық – болашағыңа қауіп» «Білмесең – сұра!» |
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында бөлім ішінде келесі іс шараларды өткізу жоспарлануда: тоқсан сайын 10–15 минуттық қысқаша оқыту ұйымдастырылады. Тақырыбы– «Сыбайлас жемқорлық деген не? Қандай жағдайлар қауіп тудырады?». Әр қызметкерге «Не істеуге болмайды? Кімге хабарласуға болады?» деген сұрақтарға жауап беретін 1 беттен тұратын жадынама таратылады. Сонымен қатар,кеңсе қабырғаларына қарапайым әрі түсінікті тілде жазылған плакаттар ілінеді |
- |
2025 жылдың соңына дейін |
|
2 |
Кеңсе құралдарын жеке мақсатта пайдалану |
Қызметкерге ескерту – түсіндіру. Жұмысқа орналасқанда немесе жыл сайын: "Кеңсе құралдарын тек қызметтік мақсатта қолдану қажет" деген ауызша немесе жазбаша ескерту жасау. Қарапайым тілмен түсіндіру: "Ұйым мүлкі – бәріміздің ортақ жауапкершілігіміз." Жадынама және плакат "Кеңсе заттарын жеке мақсатта қолдануға болмайды" деген 1 беттік жадынама тарату. Плакат ілу: «Кеңсе заттары – жұмыс үшін!» «Жеке пайдалану – сенімге нұқсан келтіреді!» Ішкі бақылауды күшейту Принтер, қағаз, кеңсе тауарларына есеп жүргізу. Кім қанша пайдаланды – қарапайым журнал немесе электронды файл арқылы белгілеу.
|
Бөлім мүлкін ұқыпты пайдалану мақсатында қызметкерлерге жұмысқа орналасу кезінде және жыл сайын ауызша немесе жазбаша түрде: «Кеңсе құралдарын тек қызметтік мақсатта қолдану қажет» деген ескерту жасалады. Сонымен қатар, әр қызметкерге «Кеңсе заттарын жеке мақсатта қолдануға болмайды» деген мазмұндағы 1 беттік жадынама таратылады. Кеңсе ішінде көзге көрінетін жерлерге плакаттар ілінеді: «Кеңсе заттары – жұмыс үшін!», «Жеке пайдалану – сенімге нұқсан келтіреді!». Ішкі бақылау күшейтіліп, принтер, қағаз және басқа кеңсе тауарларына қарапайым журнал немесе электронды файл арқылы есеп жүргізу жоспарлануда. |
- |
2025 жылдың соңына дейін |
|
3 |
Жұмыс уақытында жеке кездесулер өткізу |
Түсіндіру және ескерту Жұмысқа кіргенде және жыл сайын қызметкерлерге этика кодексінің 4-бабы туралы қысқаша түсініктеме беру. Жұмыс уақыты ішінде жеке кездесулердің және келісілмеген әрекеттердің мемлекеттік қызмет беделіне қалай әсер ететіні жайлы айту. Кездесулерді тіркеу және келісу жүйесін енгізу Барлық ресми кездесулерді жазбаша түрде (электронды пошта немесе арнайы журналда) тіркеу. Жеке кездесулерді жұмыс уақытынан тыс өткізу туралы ережені бекіту. Ішкі бақылау Басшылықтың кездесу тәртібін уақытылы бақылауы. Қажет болса, қызметкерлерден жұмыс уақытының пайдалану туралы анықтамалар алу. Ынталандыру және мәдениет қалыптастыру Жұмыс уақытында тәртіпті ұстанған қызметкерлерді мадақтау. Жұмыс этикасын насихаттау арқылы сенімділік пен ашықтықты арттыру. |
Мемлекеттік қызмет беделін сақтау мақсатында қызметкерлерге жұмысқа кіргенде және жыл сайын Этика кодексінің 4-бабы бойынша қысқаша түсіндіру жұмысы жүргізіледі. Жұмыс уақытында жеке кездесулер өткізу және келісілмеген әрекеттер жасау этикалық талаптарға қайшы екені ескертіледі. Барлық ресми кездесулер жазбаша түрде (электронды пошта немесе журнал арқылы) тіркеліп, келісу тәртібі енгізіледі. Жеке кездесулерді жұмыс уақытынан тыс өткізу туралы ішкі ереже бекітіледі. Басшылық тарапынан кездесулер тәртібі тұрақты бақылауда болады, қажет жағдайда қызметкерлерден жұмыс уақытының пайдаланылуы туралы түсіндірме немесе анықтама сұралады. Жұмыс уақытын тиімді пайдаланып, тәртіп сақтаған қызметкерлер мадақталады. Жұмыс этикасын насихаттау арқылы ұжымда сенімділік пен ашықтық мәдениетін қалыптастыру көзделіп отыр. |
- |
2025 жылдың соңына дейін |
|
4 |
Сәйкес емес іс-шара тақырыптарын таңдау |
Кішігірім пилоттық шаралар өткізу. Толық семинар өткізбес бұрын шағын тестілік тренинг ұйымдастыру. Қатысушылардың пікірін жинап, тақырыпты нақтылауНәтижелерді бақылау. Семинардан кейін қатысушылардан кері байланыс алу. Қаржылық есептерді және тренингтің әсерін талдау. |
Пилоттық шара ретінде толық семинардан бұрын кішігірім тестілік тренинг ұйымдастырылады. Тренинг барысында қатысушылардың пікірлері жинақталып, тақырыптар нақтыланады. Семинардан кейін кері байланыс алу жүргізіліп, қаржылық есептер мен тренингтің әсері сарапталады. Нәтижелер бақылауда ұсталып, болашақ шараларды жетілдіруге бағытталады. |
- |
2025 жылдың соңына дейін.
|