|
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсынымдар |
Ұсынымды орындау нысаны |
Уәкілетті органның ұстанымы *Ұсынымды басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда |
Орындау мерзімі |
|
Негізгі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мемлекеттік сатып алу саласына, оның ішінде конкурстық рәсімдерді өткізу, шарттар жасасу кезінде жол берілу ықтималдығы бар. Өйткені, осы бағыттағы ауқымды қызметтер 1 штаттық бірліктегі бас-маман-бас есепшіге жүктелген. Сонымен қатар, бөлімде заңгер маманының болмауы ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметте де айтарлықтай қиындықтарды туғызуда. |
Жергілікті бюджеттен штаттық бірлік бөлу (заңгер) мәселесін қарастыру |
Бөлімнің штат санын көбейту туралы ұсынысты жолдау және оны тиісті органдармен келісу |
Штаттық бірлік бөлу қажеттілігі туралы жоғары тұрған органға хат жолданды |
2025 жылдың соңы |
|
Тілдерді дамыту секторы «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» заңын басшылыққа алып, жұмыс жасайды. Заң бойынша келесі тәуекелдер орын алуда: Заңның 21 бабында жарнама және көрнекі ақпараттағы тілдің қолданылуы бойынша талап қойылған. Алайда, бөлім көрнекі ақпарат құралдарын мемлекеттік тілде жазу және заңға сәйкес орналастыру мәселесі бойынша кәсіпкерлік нысандарға ешқандай жауапкершілік тарта алмады, себебі қолданыстағы заңнамада мұндай өкілеттілік қарастырылмады. Сол себепті деректемелер мен көрнекі ақпарат мәтіндерін ілуде қателіктерге жол беріліп отыр. Сондай-ақ, бөлімге заң талаптарын орындамау бойынша түрлі пікірлер мен шағымдар түсуде. Себебі, көрнекі ақпарат, жарнамалардың қоғам санасына тікелей әсер ететіні белгілі. |
Жарнамадағы мемлекеттік тілдегі ақпараттардың қателіктері үшін жауапкершілікті арттыру, жаңа заң талаптары бойынша бөлімнің ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу |
Бөлім ережесіне жаңа заң талаптарына сай өзгерістер мен толықтырулар енгізу және оны тиісті органдармен келісу |
- |
2025 жылғы қараша |