|
Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне ұшыраған лауазым |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейі |
|
Басшы орынбасары |
"Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі" ММ-де 7 мемлекеттік қызметші және 1 штаттан тыс қызметкер жұмыс істейді. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес бөлімде кадрлар жөніндегі 1 маман, заңгер және мемлекеттік сатып алу порталы бойынша жұмыс істейді. Стандарт бойынша бұл жұмыстармен бірнеше маман жұмыс істеуі керек. Осыған байланысты, бөлімдегі бір маманның заңгер, мемлекеттік сатып алушы, кадр қызметкерінің жұмысын орындауы үшін бұл қызметкерді сыбайлас жемқорлық тәуекелдігіне әкелуі мүмкін. |
Фактілер анықталған жоқ |
Төмен |
|
Бас маман |
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық заңына сәйкес ЖАО ҚР Мемлекеттік рәміздерінің заңға сейкес қолданылмауына сәйкес әкімшілік хаттама толтырады. Арыз келіп түскеннен бастап бөлімінің бас маманы планшет арқылы хаттама толтыруға мүмкіндігі жоқ. Себебі планшет арқылы хаттама толтыру бағдарламасы соңына дейін жетілдірілмеген. Сол себептен заң аясында құқықбұзушыны жауапқа тарту мүмкін болмай отыр. Бұл жөнінде Облысытқ ішкі саясат басқармасына хабарланды. Аталған кемшілікті «Әкімшілік құқық бұзушылықтың бірыңғай реестры» (ЕРАП) бағдарламасын техникалық тұрғыдан жетілдіру керек. |
Фактілер анықталған жоқ |
Төмен |
|
Бас маман |
Қалалық ішкі саясат бөлімінде 7 маман жасайды. Оның 2-еуі әкімшілік секторында. 1 бас маманның міндетіне бірнеше лауазымдық нұсқаулық жүктелген. Соның ішінде, дін бағытындағы жұмыс. Бұл бағыттар бойынша хаттардың барлығы «ҚБП» санатына жатады. Үлкен жауапкершілікті талап етеді. Алайда 1 маманның жұмыс жүктемесі өте көп болуына, маман жетіспеуіне байланысты аталған бағыт өз денгейінде жүрмей отыр. Құзырлы органдардың тексеріс нәтежелерінің қорытындысына сәйкес дін бағыты бойынша қосымша 1 мемлекеттік қызметкер бөлу бойынша тапсырма берілген. Алайда аталған сұрақ шешімін тапқан жоқ. |
Фактілер анықталған жоқ |
Төмен |