Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
«Ақтөбе қаласының тұрғын үй қатынастар бөлімі» ММ жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің тізілімі

№

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсынымдар

Ұсынымды орындау нысаны

Уәкілетті органның ұстанымы

*Ұсынымда басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда

Орындау мерзімі

1

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру мемлекеттік мүлік тізілімі e-qazyna.kz арқылы жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларын бекіту туралы» ереженің 21 – тармағына сәйкес (бұдан әрі - № 673 қағидалар) Жекешелендіруге жататын тұрғын жай коммуналдық тұрғын үй қорына ауыстырылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы орган мен өтініш беруші арасында Порталда электрондық форматта ЭЦҚ-ны пайдаланумен тұрғынжайды жекешелендіру туралы шарт жасалады.

Алайда, мәліметтер базасында e-qazyna.kz порталда электрондық форматта ЭЦҚ пайдалана отырып, жергілікті атқарушы орган мен өтініш беруші арасында тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт жасасу бойынша функция жоқ.

 

Бөлім 2025 жылдың 04 тамызында № 01-01.3-4/2014 хатын «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» ММ-нің басшысы атына жолдады.

«Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» ММ

-

2025 жыл 31 желтоқсанға дейін

2

№ 673 Қағидаларға сәйкес құжаттарды қабылдау және «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру» мемлекеттік қызметін беру «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады www.egov.kz.

Бұл ретте, жеке басын куәландыратын құжаттардың, неке қию немесе бұзу туралы куәліктің (2008 жылғы 1 маусымнан кейін), қайтыс болу туралы (2007 жылғы 13 тамыздан кейін), балалардың туу туралы (2007 жылғы 13 тамыздан кейін) мәліметтері, оларға құқықта тиесілі тұрғын үйдің (Қазақстан Республикасы бойынша) болуы немесе болмауы туралы мәліметтер басқа адамдарды көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшелері деп тану туралы соттың шешімі, көрсетілетін қызметті алушының халықтың әлеуметтік осал топтарына тиесілігін растайтын құжаттар көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден отбасының барлық мүшелеріне ұсынылады.

Бүгінгі таңда жүйеде көрсетілген мәліметтерді алу мүмкін емес.

Бұл ретте, көрсетілетін қызметті алушы осы құжаттарды ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің оған құжаттарды қабылдаудан бас тартуға құқығы жоқ, демек, бұл фактіні тұрғын үйді жекешелендіруден дәлелді бас тартудың себебі ретінде көрсетуге құқығы жоқ.

            Алайда, заңды емес шешім қабылдауды болдырмау үшін уәкілетті орган көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ала алатын қажетті мәліметтердің болмауы себебінен өтінімдерді өшіруге мәжбүр.

E-qazyna мемлекеттік мүлік жүйесіндегі құжаттарды автоматты түрде байланыстыру үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ базасымен интеграцияның болмауы.

 

Құжаттарды автоматты түрде тарту үшін ақпараттық жүйелерді интеграциялау, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ базасынан жүйені интеграциялау жөнінде тиісті шаралар қабылдау қажет.

Өзгеріс енгізу

-

2025 жыл 31 желтоқсанға дейін

 

 

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы