Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
«Ақтөбе қаласының тұрғын үй қатынастар бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдардың тізбесі

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне ұшыраған лауазым

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейі

 Бөлім басшысы

 Сектор меңгерушісі

 Бас маман

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру мемлекеттік мүлік тізілімі e-qazyna.kz арқылы жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларын бекіту туралы» ереженің 21 – тармағына сәйкес (бұдан әрі - № 673 қағидалар) Жекешелендіруге жататын тұрғынжай коммуналдық тұрғын үй қорына ауыстырылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы орган мен өтініш беруші арасында Порталда электрондық форматта ЭЦҚ-ны пайдаланумен тұрғынжайды жекешелендіру туралы шарт жасалады.

Алайда, мәліметтер базасында e-qazyna.kz порталда электрондық форматта ЭЦҚ пайдалана отырып, жергілікті атқарушы орган мен өтініш беруші арасында тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт жасасу бойынша функция жоқ.

Ішкі талдау жүргізу барысында 2020 жылы бөлім, тұрғын үй комиссиясына шығармай-ақ   жекешелендіру шартын жасасуға өтініш қабылдау үшін e-qazyna.kz жүйесіне қосымша функцияны енгізу бойынша «Ақпараттық есеп орталығы» АҚ-ға ұсыныс жолдаған, алайда бұл нәтиже бермеді.

Анықталған бұзушылықтарды жою бойынша ұсынымдар мен іске асыру мерзімдері:

- Осы ұсынысты «Ақпараттық есеп орталығы» АҚ-ға, «Ақтөбе облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-ге қайта жолдау. 

 

Фактілер анықталған жоқ

Төмен

Бөлім басшысы

Сектор меңгерушісі

Бас маман

№ 673 Қағидаларға сәйкес құжаттарды қабылдау және «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру» мемлекеттік қызметін беру «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады www.egov.kz.

  Бұл ретте, жеке басын куәландыратын құжаттардың, неке қию немесе бұзу туралы куәліктің (2008 жылғы 1 маусымнан кейін), қайтыс болу туралы (2007 жылғы 13 тамыздан кейін), балалардың туу туралы (2007 жылғы 13 тамыздан кейін) мәліметтері, оларға құқықта тиесілі тұрғын үйдің (Қазақстан Республикасы бойынша) болуы немесе болмауы туралы мәліметтер басқа адамдарды көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшелері деп тану туралы соттың шешімі, көрсетілетін қызметті алушының халықтың әлеуметтік осал топтарына тиесілігін растайтын құжаттар көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден отбасының барлық мүшелеріне ұсынылады.

Бүгінгі таңда жүйеде көрсетілген мәліметтерді алу мүмкін емес.

Бұл ретте, көрсетілетін қызметті алушы осы құжаттарды ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің оған құжаттарды қабылдаудан бас тартуға құқығы жоқ, демек, бұл фактіні тұрғын үйді жекешелендіруден дәлелді бас тартудың себебі ретінде көрсету   мүұмкін емес.

            Алайда, заңды емес шешім қабылдауды болдырмау үшін уәкілетті орган көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ала алатын қажетті мәліметтердің болмауы себебінен өтінімдерді өшіруге мәжбүр.

E-qazyna мемлекеттік мүлік жүйесіндегі құжаттарды автоматты түрде байланыстыру үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ базасымен интеграцияның болмауы.

          Арал теңізі маңындағы Экологиялық зардап шеккен аудандардың азаматтары сол ауданның жергілікті тұрғыны болғандығын дәлелдейтін анықтаманы тапсыру барысында жалған құжаттар тапсырылғаны анықталды. Осындай анықтамалардың шынайылығына көз жеткізу үшін мұрағат бөлімімен қатынас орнату қажет. Аталған анықтамалар азаматтарға тұрғын үйлерін тегін жекешелендіруге мүмкіндік беретіндіктен маңызды құжат болып саналады. Сол себепті интеграция  қажет деп санаймыз.

Баяндалғанның негізінде құжаттарды автоматты түрде тарту үшін ақпараттық жүйелерді интеграциялау, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ базасынан жүйені интеграциялау жөнінде тиісті шаралар қабылдау қажет.

     Анықталған бұзушылықтарды жою бойынша ұсынымдар мен іске асыру мерзімдері:

     -Ақпараттық жүйелерді интеграциялау, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ базасынан «Ақпараттық есеп орталығы» АҚ-на, «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ құжаттарды автоматты түрде тарту үшін жүйені интеграциялау жөнінде тиісті шаралар қабылдау туралы хат жолдау.

 

Фактілер анықталған жоқ

Төмен

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы