
Ә.Ө.ОРАЛБАЕВ 1982 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетін мемлекеттік басқару мамандығы бойынша, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық университетін экономика мамандығы бойынша аяқтаған.
ҚР Президентінің телерадиокешенінің менеджері, ҚР Ұлттық Қауіпсіздік органдарындағы қызмет, «Компания Алматықұрылыс» ЖШС директоры, «DAYIR Almaty» ЖШС коммерциялық директоры, «Қазақстан Инжиниринг ҰҚ» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі, «С.М.Киров атындағы машина жасау зауыты» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары-іс басқарушы болып қызмет атқарды.
2025 жылғы 15 қаңтардан бастап Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.