
Көкеев Асқар Амангелдіұлы 1978 жылы 16 шілдеде Ақтөбе облысы, Алға қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетінің тарих факультеті, мамандығы «Құқық және экономика негіздері». 2003-2005 жылдары «Қаржы және Несие» мамандығы бойынша Алматы экономика және статистика академиясын сырттай бітірді.
2002 жылы «Интерфуд» ЖШС сату бойынша менеджері, 2003-2004 жылдары - Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының ақпараттық-талдау бөлімінің бас маманы, 2004-2005 жылдары Ақтөбе облысы бойынша қаржы бөлімінің бас маманы, 2005-2006 жылдары облыстың табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы, 2006-2009 жылдары Ақтөбе облысының қаржы басқармасы бөлім басшысы, 2009-2010 жылдары Қарғалы ауданы әкімі аппаратының басшысы, әкімнің орынбасары, 2010-2012 жылдары «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінде ақпараттық саясат, қоғамдық және сыртқы байланыстар, өнеркәсіп, сауда бөлімдерінің басшысы қызметін атқарды. 2012-2021 жылдары «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы» ММ басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.