GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Әкім аппараты
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Қызметі
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпараты
Қызметі
Баспасөз орталығы
Қызметі
Все материалы
22 октября 2026
400 мыңнан аса жас қазақстандық Ұлттық қор қаржысын пайдаланды

2024 жылғы 1 ақпаннан 2026 жылғы 1 қазанға дейін «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы шеңберінде нысаналы жинақтарды (НЖ) пайдалану бойынша жалпы сомасы шамамен 88,86 млн АҚШ долларына 407 145 алушыға төлем жасалды. Оның ішінде 267 986 алушыға жалпы сомасы 58,29 млн АҚШ доллары тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, ал 139 159 алушыға 30,57 млн АҚШ доллары білім алуға ақы төлеу үшін аударылды.
2026 жылдың басынан бастап 1 қазандағы жағдай бойынша НЖ төлемдерін жалпы сомасы 57,59 млн АҚШ долларына 211 748 қазақстандық алды. Бұл ретте 145 981 алушыға тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында 38,86 млн АҚШ долларынан астам, ал 65 767 алушыға білім беру ақысын төлеуге 18,73 млн АҚШ доллары аударылды.
Қаражат өтініш берушілердің банктік шоттарына есептеу үшін уәкілетті операторларға аударылды. Еске салайық, НЖ алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы. Егер қаражаттың бір бөлігі талап етілмесе, қалдық нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) 10

21 октября 2026
Ақтөбе облысында халықаралық маңызы бар «Самара – Шымкент» көлік дәлізінің 28 шақырымында қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды

https://www.instagram.com/reel/DeuH077ijZ6/?exln=NW1hMDg4b2Z1ZnRq

Ақтөбе облысында халықаралық маңызы бар «Самара – Шымкент» көлік дәлізінің 28 шақырымында қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Бұрын екі жолақты болған жол енді төрт жолаққа кеңейтіліп, қарама-қарсы бағыттағы көлік ағындары бір-бірінен бөлінді.

Ресми ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев, Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Иманашев, мердігер ұйымдар мен жол саласының өкілдері қатысты.

20 октября 2026
Дербес зейнетақы жоспары

Өмірдің әр кезеңінде қаржылық тұрақтылық маңызды.
Ал зейнет жасында ол тіпті өзекті.
Болашақ зейнетақыңыздың қандай болғанын қалайсыз? Мақсатыңызға жету үшін қанша жинақ жетіспейтінін білгіңіз келе ме?
Онда БЖЗҚ сайтындағы Жеке кабинеттегі «Дербес зейнетақы жоспары» қызметін қолданыңыз.
Бұл қызмет қандай мүмкіндік береді?
Болашақта алғыңыз келетін зейнетақы көлемін белгілеп, ай сайын аударылуы тиіс жарна мөлшерін біле аласыз;
Жоспардың орындалу барысын айлар мен жылдар бойынша берілген кесте арқылы бақылай аласыз;
Қажет болған жағдайда, жоспарыңызды қалауыңызша түзете аласыз.
www.enpf.kz сайты → Жеке кабинет → «Дербес зейнетақы жоспары».

20 октября 2026
Зейнетақы калькуляторы

БЖЗҚ сайтында қолжетімді зейнетақы калькуляторы болашақтағы зейнетақы төлемдерінің мөлшерін болжамды есептеуге мүмкіндік беретін ыңғайлы онлайн-құрал.
Неліктен бұл маңызды?
Болашақ зейнетақы көлемі еңбек өтіліне, табыс деңгейіне және жарналардың тұрақты аударылуына тікелей байланысты. Сондықтан уақытылы тексеріп, қаржылық болашағыңызды жоспарлаған жөн.
Есептеу үшін қажет деректер:
✔️ туған күні
✔️ еңбек өтілі
✔️ жалақы мөлшері
✔️ жинақ көлемі және жарналардың жүйелілігі
Жеке кабинетке кірген кезде деректердің бір бөлігі автоматты түрде толтырылады.
Кеңес:
Есептеу кезінде ерікті зейнетақы жарналарын қосып көріңіз, калькулятор болашақ төлемнің қалай өсетінін бірден көрсетеді.

20 октября 2026
ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Құрметті құтқарушылар
Әйтеке би ауданының әкімдігі сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтайды!
Құтқарушы болу – тек мамандық емес, бұл – адам өміріне араша түсуді, қиындыққа мойымауды және әр сәтте жоғары жауапкершілік танытуды талап ететін қызмет.

Сіздердің батылдықтарыңыз бен кәсіби біліктіліктеріңіз, ел қауіпсіздігі жолындағы табанды еңбектеріңіз қоғам үшін әрдайым маңызды.

Төтенше жағдайлардың алдын алу, қауіп төнген сәтте жедел әрекет ету және адамдарға көмек көрсету бағытындағы қызметтеріңізге алғыс білдіреміз.

Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңізге сәттілік тілейміз. Ең бастысы, өздеріңіз де әрдайым аман болып, ел игілігі жолындағы қызметтеріңіз абыроймен жалғаса берсін!

20 октября 2026
ӘЙТЕКЕ БИ АУДАНЫ – «ҮЗДІК МЕДИА АУДАН»!

Ақтөбе қаласында Ақтөбе облысының студенттік құрылыс және «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының XXII еңбек маусымын қорытындылау салтанаты өтті.

Салтанатты іс-шараға Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов, «Жасыл ел» жобасының жанашырлары мен штаб өкілдері, еңбек жасақтарының сарбаздары және студенттер қатысты.

Әйтеке би ауданының жастар еңбек жасағы «ҮЗДІК МЕДИА АУДАН» номинациясын иеленді!

Сонымен қатар, ауданымызда еңбек еткен белсенді 5 сарбаз Астана қаласына үш күндік тегін жолдамамен марапатталды.

20 октября 2026
«Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды

https://www.instagram.com/reel/DeoC982uPPy/?dlrf=eWc1MXlqYW1rc2lq

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Әйтеке би ауданының орталығында ауқымды сенбілік жұмыстары өткізілді.

Тазалық шарасы екі бағытта жүзеге асырылды. Атап айтқанда, бірінші бағыт бойынша Қарабұтақ-Қостанай бағытындағы 87-шақырымда орналасқан орман алқабында тазалық жұмыстары жүргізілді. Ал екінші бағытта аудандық мешіттен бастап Қазақ тамға дейінгі аралық тазартылды.
Сенбілікке аудан мекемелерінің қызметкерлері мен белсенді жастар қатысып, қоршаған ортаны таза ұстау жолында бірлесе еңбек етті. Жалпы тазалық шарасына 194 адам жұмылдырылды.

Аталған шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз ету, туған өлкенің көркеюіне үлес қосу және тұрғындар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыру.

16 октября 2026
«Белсенді өмір – бақытты ғұмыр» – шаттық пен шабытқа толы мереке!

 Аудандық мәдениет үйінде «Белсенді өмір – бақытты ғұмыр» белсенді ұзақ өмір сүру орталығының  Әлеуметтік қызметкерлер күніне орай есеп беру концерті өтті.

Мерекелік шараға аудан әкімінің орынбасары К.Байдрахманов қатысып, жиналған қауымға жүрекжарды тілегін жеткізді. Сондай-ақ, қоғам өміріне белсене араласып, өнегелі істерімен үлгі болып жүрген бірқатар ардақты аталар мен ақ жаулықты әжелерге аудан әкімінің атынан Алғыс хаттар табыстап, еңбектеріне лайықты құрмет көрсетті.

Концерт барысында өнерді өміріне серік еткен аға буын өкілдері әннен шашу шашып, мың бұрала би билеген әжелер, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Әрбір өнер көрсетілімінен өмірге деген құштарлық, жүрек жылуы мен жан сұлулығы сезілді.

Ақыл-парасатымен ұрпаққа өнеге, өнерімен ортаға сән беріп жүрген ардақты жандардың басын қосқан бұл мерекелік кеш жүректерге қуаныш ұялатып, ізгілік пен сыйластықтың шынайы көрінісіне айналды.

Белсенді өмір – жасқа қарамайтын жігердің, өмірге деген сүйіспеншіліктің белгісі. Әрдайым жүздеріңізден күлкі, жүректеріңізден жылулық кетпесін! Ғұмырларыңыз шаттыққа, күндеріңіз қуанышқа толы болсын!

16 октября 2026
ӘЙТЕКЕ БИ АУДАНЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ФОРУМ ӨТТІ

Облыстық ақпараттық-насихат тобының Әйтеке би ауданына жұмыс сапары аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы аудандық сұрақ-жауап сессиясы форматындағы форум өтті. Шара сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқықтық мәдениетті арттыру және мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталды.

 «Ашық диалог» алаңы форматында өткен форумға 200-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында: * ардагерлер мен қоғам белсенділері; * белсенді жастар мен ҮЕҰ өкілдері; * депутаттар мен бизнес қауымдастық мүшелері бар.

 Шарада Департамент басшысының орынбасары Руслан Мажитов, аудан әкімі Дәулетияр Тоғызбаев, ақпараттық-насихат топ мүшесі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталығы облыстық филиалының жетекшісі Әсел Мұстафина сөз сөйлеп, жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелерін ортаға салды.

Форум аясында аудан тұрғындары мен белсенділер сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту, мемлекеттік қызметтердің ашықтығын арттыру және азаматтық бақылауды күшейту бойынша өз ұсыныстарын жеткізді. Көтерілген барлық мәселелер назарға алынып, оларды іске асыру тетіктері талқыланды. Бұл кездесу мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы өзара сенімді нығайтуға үлкен ықпал етпек.

16 октября 2026
Еңбегімен елге танылған аяулы жандар

Халықаралық ауыл әйелдері күніне орай ауданымызда еңбегімен елге танылып, қоғамның дамуына үлес қосып жүрген аяулы жандарға арналған мерекелік жиын өтті.

Мейрамхана төрінде ұйымдастырылған басқосуға аудан әкімі Д.Тоғызбаев  қатысып, мерекеге орай жүрекжарды тілегін білдірді.

Еңбегімен ерекшеленген бірқатар әйелдерге  алғыс хаттар мен құрмет грамоталары табысталып, олардың қоғамдағы орны мен еңбегіне лайықты құрмет көрсетілді.

Сондай-ақ жиында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Ермағанбет пен, Отбасын қолдау орталығының  директоры Р.Смағұлова  сөз сөйлеп, мереке иелеріне ізгі тілектерін арнады.

Ауданымыздың өркендеуіне үлес қосып, отбасының берекесін ұйытып, ұрпақ тәрбиесіне өлшеусіз еңбек сіңіріп жүрген ауыл әйелдерінің еңбегі қашанда құрметке лайық.

Барша ауыл әйелдеріне зор денсаулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне табыс пен толағай жетістіктер тілейміз!

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы