Волейболдан қайырымдылық турнирі

Волейболдан қайырымдылық турнирі

18 ақпан күні аудан тұрғыны Г.И.Сорокиннің бастамасымен Аудандық жастар ресурстық орталығының қолдауымен М.Жұмабаев және Т.Жүргенов ЖОББМ-де волейболдан қайырымдылық турнирі өтті. Аталған турнирге 13 команда қатысып, қайырымдылық қорынан жиналған 116.000тг аудан тұрғыны Мақсатқызы Гүлсезімнің еміне аударылды. Шараға белсенді түрде кубок медальмен демеушілік көрсеткен “Еңбек-Агро” ЖШС ұжымының директоры Р.Г.Жавнерко.

Турнир нәтижесі бойынша:

🥇 Комсомол -құрамасы
🥈Аралтөбе- құрамасы
🥉ВЖДО- құрамасы иеленді.

⚜️”Үздік ойыншы” - К.Сорокина
⚜️”Үздік қорғаушы”- А.Нургалиева
⚜️”Үздік шабуылшы”- С.Алтаева атанды.

#волейбол #қайырымдылық #қайырымдылықтурнирі #спорт #салауаттыөмірсалты