ЖАУАП: Міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) аудару келесі жағдайлар бойынша іске асырылады:
- Егер Сіз жалданып жұмыс істейтін болсаңыз, онда жұмыс беруші (агент) өз жұмыскерлеріне төленетін кірістерден, сондай-ақ азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт жасасқан жеке тұлғалардың кірісінен ай сайын міндетті зейнетақы жарналарын есептеп, ұстап қалады және оларды БЖЗҚ-ға өзі аударады. Яғни бұл жағдайда Сіз өзіңіз МЗЖ-ын Қорға аудара алмайсыз.
- Егер Сіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар қатарынан болсаңыз, онда МЗЖ-ды бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) құрамында төлей аласыз.
БЖТ міндетті төлемдердің төрт түрін біріктіреді:
- 10% - жеке табыс салығы;
- 20% - әлеуметтік аударымдар;
- 30% - міндетті зейнетақы жарналары;
- 40% - міндетті медициналық сақтандыруға аударымдар.
2020 жылы БЖТ мөлшері республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда тұратын жеке тұлғалар үшін 2651 теңгені, ал басқа елді мекендердің тұрғындары үшін 1325,5 теңгені құрайды.
- Егер Сіз жеке кәсіпкер болсаңыз немесе жеке практикамен айналыссаңыз, онда МЗЖ-ын салық кезеңінің әрбір айы үшін есептеп, оларды өз пайдаңызға БЖЗҚ-ға аудара аласыз.
- Егерде Сіз салық агенті болып табылмайтын тұлғамен азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт (АҚС) жасасаңыз, онда Сіз алатын табыстың кемінде 10% мөлшерінде, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының 50 еселенген ең төменгі мөлшерінің 10% аспайтын мөлшерде өз пайдаңызға жарналарды екінші деңгейдегі банктер немесе Қазпошта арқылы БЖЗҚ-ға аударуға құқылысыз.