Меню

Страницы

Статья

2021 жылдың 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (ӘРПК) қолданысқа енгізілді

Пресс- релиз
2021 жылдың 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (ӘРПК) қолданысқа енгізіліп, осы
күннен бастап «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі
туралы» және «Әкімшілік рәсімдер туралы» заңдардың күші жойылды.
Бұл кодекс, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібін
реттейді. ӘРПК өтініштерді қарауға, яғни әкімшілік рәсімге бірқатар жаңа
талаптарды белгілейді, олардың бірі – шағымдар мен арыздар бойынша
әкімшілік акт шығару.
Өз кезегінде, бұл кодекс әкімшілік рәсімдер саласындағы қоғамдық
қатынастарды реттеуге, оның ішінде мемлекеттік органдардың
ведомствоаралық қызметін және қоғамдық-құқықтық қатынастар
саласындағы дауларды шешу үшін әкімшілік іс жүргізуді ұйымдастыруға
бағытталған.
Жалпы, прокуратура органдарына қатысты ӘРПК-нің талаптары
әлеуметтік-экономикалық саладағы, атқарушылық іс жүргізудегі, сондай-ақ
процестік заңнамамен (ҚПК, АПК және ӘҚБтК) реттелмейтін өзге де
бағыттардағы өтініштерді қарау кезінде қолданылады.
Прокуратура органдары жұмысының ерекшелігіне қарай, прокурор
салық, кеден, бюджет, жер, экологиялық даулар бойынша, сондай-ақ сайлау
құқықтарын қорғау туралы істер бойынша және мемлекеттік сот
орындаушысының іс-әрекетіне шағым жасау кезінде (мемлекеттен және
мемлекет пайдасына өндіріп алу кезінде) қатысады және қорытындылар береді.
Сондай-ақ әкімшілік акт физикалық, психикалық және өзге де мән￾жайларға байланысты өздерін дербес қорғай алмайтын адамдардың, немесе
шектелмеген адамдар қатарының құқықтарын, бостандықтары мен заңды
мүдделерін шектеуі мүмкін болатын істер бойынша да қатысады.
Әйтеке би ауданының прокуратурасы

Дата публикации
24 марта 2022
Дата обновления
24 марта 2022
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

13 ноября 2025
САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІН ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ЖӘНЕ ТЕСТІЛЕУ
28 августа 2025
Сыбайлас жемқорлық ішкі талдау қорытындысы бойынша анықталған тәуекелдерге ұшыраған бөлімдер тізбесі
28 августа 2025
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша анықталған тәуекелдерге ұшыраған бөлімдер тізбесі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы