Орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Т.Жүргенов атындағы ауылы, Абылайхан көшесі № 2
Байланыс телефондары: /71339/21497, 22133,21513,22523,21134.
Электронды адрес: aitekebi_bolnica@mail.ru.aitekebi_bolnica@mail.kz.aitekebims@mail.ru
Аудандық аурухана басшы: Жайлыбаев Жамбул Ертайұлы
2023 жыл.
Аудан халқы:- 19756; 14 жасқа дейінгі балалар саны-5987; Т.Жүргенов ауылы бойынша-6901; ауылдық жерлерде тұратын халық саны-12855.
Аудандық аурухана бойынша керует саны -61. Оның ішінде: терапия - 12 төсектік, хирургия - 11 төсектік, гинекология - 4 төсектік, перзентхана - 3 төсектік, 4 төсектік - жүктілік патологиясы бар.
Аудандық аурухана-1; 6 - дәрігерлік амбулатория, 2 - фельдшерлік-акушерлік пункт, 18-медициналық пункт бар.
Қызмет көрсету радиусы 12 км-ден 300 км-ге дейін. Аудандық аурухана 1993 жылы салынып, пайдалануға берілді.Аудандық ауруханада барлық мамандықтағы дәрігерлер жұмыс істейді.
Аудандық ауруханада дәрігерлердің жалпы саны - 37, жоғары санаты - 7,
І санат - 8 дәрігер, ІІ санат - 3 дәрігер. Медбикелердің жалпы саны -143, оның ішінде жоғары санаты -56, І санаты -15, ІІ санаты -9 медесерлер.
Медициналық мекеменің материалдық-техникалық базасы- 98% -ға жабдықталған. Үлгі жоспар бойынша 27 медициналық мекеме салынды, оның ішінде соңғы жылдары 7 медициналық мекеме салынды.
Аудандық ауруханада: ФГДС, УДЗ, электроэнцефалография, кальпоскоп, биохимиялық және клиникалық анализаторлар бар. 2009 жылдан бастап аудандық ауруханада хирургия бөлімшесінде эндоскопиялық ота жасалады. Телемедицина кабинеті жұмыс істейді. Соңғы жылдары аудандық аурухана материалдық-техникалық базалармен қамтамасыз етілді.
2021 жылы коагулометр анализаторы, бейнекамерасы бар ФГДС аппараты, гематологиялық анализатор, флюорография аппараты, кешенді диагностикалық рентген аппараты, ультра дыбыстық аппарат, «Арман» рентген аппараты сатып алынды. 2022 жылы «Отарит» аппараты, жылжымалы флюро машинасы, Диагностикалық аудиометр, «Финикар» анализаторы сатып алынды. Аудандық аурухана санитарлық автокөліктермен қамтамасыз етілген.
2023 жылы - 2 - жедел жәрдем көлігі алынды.( УАЗ-2). Номиналды қуаты 100 кВт-1 дана дизель-генераторы. 7 дана- Генератор алынды. Сонымен қатар Диагностикалық аудиометр-1, функционалдық кереует-20 дана, акводистилятор-2 дана, рециркулятор-10 дана, планшет-2 дана, пациент мониторы-2 дана, ультра дыбыстық аппарат КСВП-1 дана, дефебрилятор1 дана, пештегі инсинератор-1 дана алынған.
Аудандық аурухананың 2024 жылға арналған жоспары:
Әйтеке би аудандық ауруханасының сыртқы қабырғасы мен шатырын ауыстырады. Сондай-ақ, Айке ауылындағы дәрігерлік амбулаториясы мен Тереңсай ФАП күрделі жөндеуді жоспарлап отырмыз.
Аудандық ауруханада салауатты өмір салты кабинеті жұмыс істейді: «Салауатты өмір салты», «Салауатты бала кабинеті», «Отбасын жоспарлау мектебі», «Қант диабетімен ауыратын науқастар мектебі», «Бронхиалды-астмамен ауыратын науқастар мектебі», «Артериалды гипертензиямен ауыратын науқастар мектебі».