Әйтеке би ауданы әкімінің аппараты бойынша мәлімет
Әйтеке би ауданы әкімінің аппаратына 2020 жылдың 9 айында жеке және заңды тұлғалардан жалпы – 357 өтініш түсті (2019 жылдың осы кезеңімен салыстарғанда 65 өтінішке азайды), оның ішінде арыз - 262, шағым – 1 және басқада өтініштер – 94.
Түскен 357 өтініштердің ішінде қанағаттандырылғаны - 89, түсініктеме берілді – 114 өтінішке, 154 өтініш басқа органдарға жолданды.
Өтініштерінде азаматтар келесі мәселелерді көп көтереді: тұрғын үй жағдайын жақсарту, жөндеу, үй беру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы (соның ішінде газбен, электржарығымен қамту), әлеуметтік қамтамасыз ету (атаулы әлеуметтік көмек, материалдық көмек, жұмысқа орналастыру), жер және жерді пайдалану (жалға алу, қосыша жер алу, жерді тапсыру және т.б.) және ауыл шаруашылығы мәселелері (жеңілдікпен жаңар-жағар май алу, тұкым алу).
Осы есептік мерзімде жеке қабылдауда 64 адам болды, қабылдауға келген әр тұрғынның өтініші мен ой-пікірі мұқият тыңдалып, оны шешу жолдарын заң аясында түсіндіріліп, мүмкіндігінше оң шешімдерін тапты.
Есепті мерзімі ішінде яғни 2020 жылдың 17 қыркүйек күні аудан әкімі Д.Ермағанбетов Қарабұтақ ауылында (барлық санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды сақтай отырып) көшпелі қабылдау өткізіп, ауылдың 5 тұрғының жеке мәселерімен қабылдады. Қабылдау кезінде 3 мәселе оң шешілді (тұрғын үй сатып алуға мемлекеттік бағдарламаға қатысу және жұмысқа орналасу), қалған екі мәселе бойынша заң шеңберінде түсініктеме берілді.
Әйтеке би ауданының әкімдігіне аудан тұрғындарынан телефон арқылы 21 сұрақтар түсті, барлығынада нақты жауаптар берілді.
Мерзімдері бұзылып қаралған, қайталап түскен өтініштер болған жоқ.
Сонымен қатар, есепті мерзім ішінде аудан әкімдігінің ресми парақшасында 6 сауалдар болды, олардың барлығына қаралған мерзімде жауаптар берілді.
Әйтеке би ауданының әкімі Д.Ермағанбетовтың 2020 жылдың 9 қазан күні «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде жеке сұрақтарымен (онлайн форматында) 5 адам қабылданды, 4 сұрақ он шешілді және бір мәселе бойынша түсініктеме берілді.