2019 жылы Қазақстан Республикасында халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын топтарына қатысты тұрғын үйлер сатып алу тапсырмасына сәйкес, Әйтеке би ауданында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 11,0 млн. теңге қаражат тұрғын үй қорына үй-жайларды сатып алу үшін берілді. Бұлар, Комсомол ауылынан 2 үй, Қарабұтақ ауылынан 2 үй, барлығы 4 үй. Аталған тұрғын үйлер аудан бойынша тұрғын үйге мұқтаж азаматтар кезегінде кезегі келіп тұрған 4 көп балалы отбасыға табысталды.
2020 жылы 2019 жылы құрылысы басталған жоба құны – 116 млн.теңге болатын «Комсомол ауылы, Абылай хан көшесіндегі №2Г 16 пәтерлі тұрғын үйге арналған ғимаратты қайта құру» нысаны аяқталып, аудан орталығындағы апатты жағдайда тұрған екі тұрғын үйдің тұрғындары көшірілді.