Меню

Страницы

Статья

Әйтеке би ауданының жағрафиясы

Әйтеке би ауданы - Ақтөбе облысындағы екі аудан-Комсомол (1966-1997) және Қарабұтақ (1936-1997) аудандарының таратылуына байланысты 1997 жылы құрылған, 15 селолық округтен, 32 мекен жайдан тұратын, Ырғыз өзені бойында орналасқан аудан. Аудан аймағы 35,9 мың шаршы шақырымды құрайтын Мұғалжар тауларының солтүстік –шығысында орналасқан жазықтықты алып жатыр. Шығысында- Қостанай облысының Жанкелді ауданымен, оңтүстік- шығысында -Ырғыз ауданымен, оңтүстүгінде -Шалқар ауданымен, оңтүстік-батысында- Мұғалжар ауданымен, солтүстүгінде-Хромтау ауданымен, солтүстік-шығысында -Ресей мемлекетімен және Қостанай облысының Алтынсарин ауданымен шектесіп жатыр. Аудан орталығы –Комсомол селосы облыс орталығынан 320 шақырым қашықтықта орналасқан. ҚР Президентінің 1997 жылғы 17 маусымдағы Жарлығымен бұрынғы Бөгеткөл ауданы Әйтеке би ауданы болып өзгертіліп, аудан аумағына Ақкөл, Аралтоғай, Қайрақты, Қызылжұлдыз, Қарабұтақ селолық округтері енгізілді. Аудан қазақ халқының атақты үш биінің бірі- Әйтеке би Байбекұлы есімімен аталды. Қысы қатты, жазы ыстық, климаты тым континенттік, ауа –райы құбылмалы. Қысы суық –25° С, кейде -30-35С жазы ыстық +22°С, кейде +30+35С жетеді . Жылдық орташа ылғалдылық 200 мм-ден 250мм құрайды. Жауынды жылдары орташа ылғалдылық 400мм жетеді.

Топырағы негізінен қара, қызыл қоңыр, құмақ, сортаң келеді. Бетеге, боз, бидайық, еркек, жусан, киікоты, изен, тобылғы, көкпек, қарақан, алабота өседі. Аудан территориясында өнеркәсіп мағынасындағы пайдалы қазба болып табылатын Карабұтақ селосынан 40 шақырым жерде орналасқан Алтынтас кен орны, Балаталдық мраморы, Бөгеткөл никель кен орны, Талдық кварц кен орны, Теректі ақ мрамор, Қайрақты гранит, Союзный каолин саз балшығы, Бенқала кобальтты - никельденген жез кендерінің көздері бар. Әйтеке би ауданы әртүрлі жануарлар әлемімен де бай өлке. Жергілікті қопаларда жабайы шошқа, далалықта киік, ақбөкен, қасқыр, түлкі, борсық, қарсақ, қоян, күзен, суыр өмір сүреді. Аудан аймағында құстардан қаз, үйрек, тырна, дуадақ, жылқышы, тауқұдірет, балықшы, қызғыш, қарақұс, жапалақ, бозторғай секілді құстар ,қызыл кітапқа енгізілген сұңқар, дала бүркіті,көкқұтан сияқты құстар да кездеседі. Өзендері: Ырғыз, Қарабұтақ, Қайрақты, Шолақ Қайрақты, Ұлы Талдық, Бала Талдық, Бақасайыс, Өлкейік, Қарақай, Толыбай. Көлдері: Қаракөл, Ақтасты, Сұлукөл, Әйке, Қамқа, Қоскөл, Шалбаркөл, Шонай, Белқопа, Шалқар-Қарашатау.

Биіктіктер: Тікелітау, Сарыоба, Қараадыр, Қарашатау, Жыландытөбе, Байқат, Тақтақ, Белгі.

Құмдары: Байжанкөл, Мамыт, Жиделі, Аққұм. Туристер үшін ескі Қарабұтақ, Үңгіртас, Шалқаркөл, Әйке көлі сияқты табиғаты керемет жерлері бар.

 

Дата публикации
03 октября 2020
Дата обновления
03 октября 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

13 ноября 2025
САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІН ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ЖӘНЕ ТЕСТІЛЕУ
28 августа 2025
Сыбайлас жемқорлық ішкі талдау қорытындысы бойынша анықталған тәуекелдерге ұшыраған бөлімдер тізбесі
28 августа 2025
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижиелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы