Меню

Страницы

Статья

«Әйтеке би ауданы әкімі аппараты» ММ-сімен көрсетілетінМемлекеттік қызметтер

Бүгінгі күні мемлекеттік қызметтер аудан тұрғындары арасында үлкен сұранысқа ие. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қажеттілік өсуінің оң серпініне байланысты көрсетілетін қызметтерді ұйымдастыру сапасын жақсартуға көп көңіл бөлінеді. Халыққа ыңғайлы болу үшін қағаз құжат айналымын азайту және цифрландыру аясында қызметтерді электрондық форматқа ауыстыру бойынша айтарлықтай жұмыстар жүргізілуде.

«Әйтеке би ауданы әкімі аппараты» ММ-сі төрт Мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

  1. Әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру
  2. Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату
  3. Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру
  4. Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру

 Аппаратпен көрсетілетін қызметтер https://www.elicense.kz. және www.egov.kz веб-портал арқылы үйден шықпай-ақ электронды түрде алынуы мүмкін.

Мемлекеттік қызметтерді веб-портал арқылы алу үшін www.egov.kz, www.elicense.kz электрондық-цифрлық қолтаңбаның болуы қажет. (бұдан әрі-ЭЦҚ). ЭЦҚ көмегімен жеке және заңды тұлғалар порталда тіркеледі, қажетті қызметті таңдайды, қажетті құжаттарды, төлемді тіркейді, төрт қызметтің үшеуі ақылы болып табылады, көрсетілетін қызметті берушілер тізімінен қажетті ауданды таңдайды және қызметке тапсырыс береді. Қызмет көрсетудің белгілі бір мерзімдері өткеннен кейін көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне өтініштің мәртебесі, тапсырыс берілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерін алу орны мен уақыты туралы хабарлама келеді.

Ауыл шаруашылығы бөлімімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы қосымша ақпаратты 21-6-71 телефоны арқылы, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығынан 1414, 8 800 080 7777 телефондары арқылы алуға болады.

Дата публикации
22 августа 2023
Дата обновления
22 августа 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

13 ноября 2025
САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІН ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ЖӘНЕ ТЕСТІЛЕУ
28 августа 2025
Сыбайлас жемқорлық ішкі талдау қорытындысы бойынша анықталған тәуекелдерге ұшыраған бөлімдер тізбесі
28 августа 2025
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижиелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы