Әйтеке би аудандық қаржы бөлімі бойынша 2025 жылы тексеру комиссиясы жүргізген тексерулер қортындысы туралы ақпарат

       Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы  «Әйтеке би аудандық қаржы бөлімі» ММ бойынша 2022-2025 жылдың бірінші жарты жылдығы аралығына жергілікті бюджетті тиімді жоспарлау және атқару,  бюджеттік бағдарламаларды іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалануы туралы тексеріс жүргізді.

    «Әйтеке би аудандық қаржы бөлімі» ММ-де аудитпен қамтылған кезеңде аудандық бюджеттің кіріс бөлігіне қатысты бюджет параметрлерінің болжамына бірнеше рет өзгеріс енгізіліп, жоспарланған кіріс болжамдары кейбір көрсеткіштері аса орындалса, ал кейбір көрсеткіштері болжамдары орындалмаған.

   Аудандық бюджеттің шығыстарына 4-5 рет өзгерістер енгізілген. Нәтижесінде бюджеттің шығыс бөлігі қайта-қайта қаралған. Мұндай жиі енгізілетін өзгерістер бюджеттік жоспарлаудың болжамдылығына нұқсан келтіре отырып, қысқа мерзімді шешімдерге баса назар аударуға бағытталғандығын көрсетеді.

    Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі тарапынан жоғары тұрған бюджетке кредиттерді өтеу кезінде қарыз алушымен тиісті шаралар қабылданбаған.

    Жалпы бастапқы құны 24590,0 мың теңгенің  активтері тиімсіз пайдаланылып, Әйтеке би аудандық коммуналдық меншігінен республикалық коммуналдық меншігіне берілген.

   Мекемемен  барлығы 797,0 мың теңгеге Мекеменің қаржыландыру жеке жоспарынан азайтылған, салдарынан Мекемемен алдына қойылған мақсаттардың нәтижелеріне қол жеткізілмей, бюджет қаражаты тиімсіз жоспарланған.

    Атап өту керек тексеру барысында жымқыру және сыбайлас жемқорлық сипатындағы бұзушылықтар анықталған жоқ.

 

Дата публикации
19 марта 2026