СООБЩЕНИЕ Айтекебийской районной территориальной избирательной комиссии об итогах выборов акима Сулукольского сельского округа Айтекебийского района Актюбинской области

 

Әйтеке би аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Сұлукөл ауылдық округі әкімінің сайлауы қорытындысы туралы

ХАБАРЛАМА

 

            2026 жылғы 1 наурызда Әйтеке би ауданының Сұлукөл ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес  учаскелік сайлау комиссиясының Сұлукөл ауылдық округі әкімі сайлауының нәтижесі туралы хаттамасы негізінде Әйтеке би аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлаудың қорытындысын шығарды:

 

Сұлукөл сайлау округі

Сұлукөл ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне – 215 азамат енгізілді, олардың 151 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 6, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 25.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:                                               

Ниязбаев Т.Ү.– 79; Төкеев Б.А.– 22; Төретаева А.Р. – 19.

 

Тағанияз Үмбетиярұлы Ниязбаев - 1980 жылы дүниеге келген, «Сұлукөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің жетекші маманы, Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Сұлукөл ауылының тұрғыны, «AMANAT» Партиясы» ұсынған, Сұлукөл ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

 

                                        Әйтеке би аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
02 марта 2026