Әйтеке би аудандық аумақтық референдум комиссиясының құрамы, орналасқан жері және жұмыс уақыты туралы хабарлама

«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 6-бабы 3-тармағына, «2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 11 ақпандағы №1170 Жарлығына, «2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы 2026 жылғы 12 ақпандағы №6/10 қаулысына сәйкес Әйтеке би ауданының аумақтық референдум комиссиясының құрамын, орналасқан жері және жұмыс уақытын хабарлаймыз.

Әйтеке би ауданының аумақтық референдум комиссиясы

Орналасқан жері:  Темірбек Жүргенов ауылы, Ы.Алтынсарин көшесі 9, 7 бөлме,

телефон: 8 (71339) 21-3-01

 

Комиссия төрағасы – Таласбаев Самат Молдағалиұлы

Төрағаның орынбасары – Әбдіғалиев Әділбек Қалиханұлы 

Хатшысы – Рампеилов Серік Әлиұлы

Комиссия мүшелері:

Баекешов Қуанышбай Жолдыбайұлы

Қасымкұлова Зауреш Бақшаққызы

Мыңжасарова Роза Жолмырзақызы

Уралбаева Қарлығаш Елеусізқызы

 

Аумақтық референдум комиссиясының жұмыс уақыты: күн сайын сағат 09.00-18.00, түскі үзіліс сағат 13.00-14.00

 

Әйтеке би ауданының аумақтық референдум комиссиясы

Дата публикации
20 февраля 2026