Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті «Қайнар» КМК-ның сумен жабдықтау қызметіне тарифті және тарифтік сметаны бекітуге арналған өтінімін қарау бойынша жария тыңдау өткізеді.
Жария тыңдау тарифті бекітуге немесе өзгертуге өтінімді қарау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген міндетті рәсім болып табылады.
Оларды өткізу ашықтықты қамтамасыз етуге, тұтынушылардың пікірлерін ескеруге және тарифтерді бекіту кезінде әділеттілік қағидаттарын сақтауға бағытталған.
Жария тыңдау 2026 жылғы 16 февраля 2026 жылы, сағат 11:00-де ZOOM платформасы арқылы (идентификатор: 821 0770 9520, коды: 79Grwb) онлайн өтеді.
Сонымен бірге, жария тыңдау параллельді түрде онлайн режимде Facebook әлеуметтік желісіндегі Департаменттің ресми парақшасында көрсетілетін болады: http://www.facebook.com/100015441583508.
Департамент мәслихаттардың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын және өзге де мүдделі тұлғаларды жария тыңдауға қатысуға шақырады.
Сонымен қатар, Үкіметтің тарифтердің өсуін тежеу жөніндегі жұмысы аясында 2026 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін халық үшін табиғи монополия субъектілерінің қызметтері бойынша тарифтердің көтерілуі жоспарланбайды.
Анықтама үшін телефон: Департамент – 8(7132) 55-73-38.