Аудандық жер комиссиясының
шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы
өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану(жалға алу)
құқығын беру жөніндегі конкурстың
ҚОРЫТЫНДЫ ХАТТАМАСЫ
Т.Жүргенов ауылы №04 27.01.2026 жыл
Қатысқандар:
Комиссия төрағасы: Д.Т.Убайдуллин
Комиссия мүшелері: А.Б.Исатаев, Е.Р.Бозбетов, Н.К.Нагиметов, Г.К.Утепбаева, А.П.Бегинбаева, З.Г.Унерзак, А.Қ.Хамит, С.О.Ташаманов, М.Б.Уайсбаев
Қатыспаған:
Қатыспаған:
Комиссия мүшелері: Н.Әбдразаков
Комиссия хатшысы: А.Сәтбай.
КҮН ТӘРТІБІ:
«Жаңалық жаршысы» газетінің 2026 жылғы 03 желтоқсандағы №50 (2413) санында Әйтеке би ауданы әкімдігі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне жарияланған конкусты карау туралы
Комиссия барлық өтінімдерді олардың сәйкестігі, толықтығы, есептемелердегі қателіктердің, құжаттардағы барлық қолтаңбалардың бары тұрғысынан зерделеді, сондай-ақ, жалпы рәсімдеудің дұрыстығын тексерді, конкурстық ұсыныста көрсетілген бизнес- жоспар, оның ішінде, инвестициялардың болжамды көлемі бойынша балл беру жолымен өтінімдерді бағалап салыстыруды жүзеге асырды.
(Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 бұйрығымен бекітілген "Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларының" 22 тармағына сәйкес, әр лот бойынша конкурс қатысушыларына балл беру кестесі хаттамаға қоса жалғанды – 1 бет )
Әйтеке би аудандық жер комиссиясы, Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 43 бабының 2 тармағы, 43-1 бабының негізінде, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа түскен барлық өтінімдерді әр лот бойынша зерделеп, өтінімдерді бағалап, салыстыра отырып, ашық дауыс беру арқылы
ШЕШІМ ЕТТІ:
«Шанбай» шаруа қожалығы жеңімпаз деп танылсын.
Комиссия төрағасы: Д.Т.Убайдуллин
Комиссия мүшелері: А.Б.Исатаев, Е.Р.Бозбетов, Н.К.Нагиметов, Г.К.Утепбаева, А.П.Бегинбаева, З.Г.Унерзак, А.Қ.Хамит, С.О.Ташаманов, М.Б.Уайсбаев
Комиссия хатшысы: А.Сәтбай.